1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж. 2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж. Хартия мектебінің мақсаты не болды?
«Деректану» деген терминді бірінші рет ғылымда қолданған ғалым?
. КСРО-да бірінші рет деректану пән ретінде қашан қолға алынды?
№8 дәріс Тақырыбы: Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі. Дәрістің мазмұны:
Типтік сыныпталудың тарихи деректерді түрлік сыныптаудан айырмашылығы ол деректердің мазмұны мен формасының сәйкестігі принципіне негізделген. Тип ақпаратты салу және сақтау тәсілдермен ерекшелннген деректерді біріктіреді. Негізінен деректердің жеті типін айтуға болады: жазба, заттай, этнографиялық, фольклорлық, лингвистикалық, фотокиноқұжаттар, фоноқұжаттар. Мұндай сыныптау дерекке тән ерекше белгілерін (пайда болу, мазмұны, формасы) ескереді, дегенмен, бұл- шартты сыныптау. Өйткені, фольклорлық (ауызша) деректер қазіргі кезде, көп жағдайда жазба түрінде таралған, ал этнографиялық деректер-заттай ескерткіштер немесе кинофотоқұжаттар түрінде беріледі.
Сондықтан бұлардың арасында айқын айырмашылық жоқ.
Осындай ерекшіліктерін ескере келе 1981 жылы И.Д. Ковальченконың басшылығымен шыққан «Источниковедение истории СССР» оқулығында әлеуметтік ақпаратты бекіту формасына қарап, деректерді мынандай типтерге бөлген: заттай, көркем-сурет және графикалы сурет, жазба және фотоқұжаттар (13).
Сонымен қатар деректерді пайда болу тегіне, сыртқы ерекшіліктеріне қарай үлкен типтік топтар сыныбына, оның ішінде шағын топтарға бөлуге болады:
-заттай деректер-археологиялық ескерткіштерден бастап қазіргі машиналар мен техникаға дейін;
- көркем сурет деректері- сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлық туындылары;
- сөздік деректер- күнделікті сөйлеу мәнерінен бастап халықтың ауызша шығармашылық ескерткіштері толығымен;
- жазба деректер- этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетін жазба ескерткіштерінің бәрі;
- дыбысты деректер- сөзсіз немесе сөзбен бірге орындалатын (саз, әуен, ән, т.б.);
- салттық деректер- тұрмыста, мінез-құлыққа қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.
Көптеген тарихи деректер тобы белгілі бір типтерге жатпайды, олар аралық типтерді, аралас типтерді құрайды. Мысалы, теңгелер заттай да, бейнелеу де, жазба да топтарына жатады, кинофильмдерде бейнелеу де, сөз де, дыбыс та бар.