66
Жаңа оқыту технологиясымен жүргізілген сабақтың үлгі жоспары.
Қазақ әдебиеті. (7- сынып).
Сабақтың типі: Бастапқы жаңа білімді оқып үйрену және есте сақтау
іс-әрекеттерінің тәсілдері.
Сабақтың түрі: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»
технологиясына негізделген.
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» ӛлеңі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақын шығармасының идеялық,
кӛркемдік қырларын таныту, ӛлеңнің
ерекшелігін, авторлық ұстанымды
таныту. Оқушылардың
кӛркем мәтінмен жұмыс барысында мәтіннің ішкі,
сыртқы композициялық құрылымдар жүйесін, кӛркемдік сипатын
саралай алу
қабілетін, мәтін талдау түрлері мен жолдарына сәйкес сараптамалық жұмыс
қабілеттерін шыңдау. Оқушыларды топтық жұмысқа қатыстыру арқылы,
шығармашылық ынтымақтастыққа, кӛшбасшылыққа, түрлі жағдайларға
икемді
және ұтқыр болуға баулу, сезімталдық пен жаңа идеяларды қабыл-
дауға икемділік қабілетін дамыту, білім, білікті мақсатты пайдалана алу қабі-
леттерін шыңдау.
Танымдық міндеттері: 1. «Сыр сандық» сӛзінің тудыратын ұғымдары,
символдық белгілерін тану; 2. Ақынның аллегория арқылы жеткізетін ойын
анықтау:
амал достықты мысал ете отырып, адамның ішкі сыры, болмысы,
жан дүниесінің күрделі қатпарларын түсініп, түйсіну үшін шын ниет,
шынайы достық керектігін тану; 3. лирик
ақынның адамның ішкі әлемін
танытуда қолданған сӛз образдарын айқындау; 4. ӛлеңнің кӛркем айшықтары
мен композициялық құрылымын тану.
1.
Дамытушылық міндеті: «Сыр сандық» сӛзінің кӛмегімен ой қозғау,
оқушылардың образды ойлауын дамыту, саралау, талдау, ойды жинақтай білу
қабілеттерін жетілдіру; шығармашылығын дамыту.
2.
Тәрбиелік міндеті: Лирикалық шығарма арқылы эстетикалық,
әлеуметтік тәрбие беру.
Әдістері: ассоциация, кластер, кубизм, елес жетелеу.
Оқу материалы: 7-сынып Әдебиет оқулығындағы С.Сейфуллиннің
«Сыр сандық» ӛлеңінің мәтіні.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сабақты ұйымдастыру үшін сыныптың ішкі-
сыртқы жағдайын қамтамасыз ету. Студенттерді қарым-қатынасқа психоло-
гиялық жағынан дайындау.
Тақырыпқа қызығушылықты ояту кезеңі: Студенттер жыл мезгіліне
қатысты тӛрт топқа бӛлінеді. Сұрақ
: «Сыр сандық»; «досық»; «тау» «перне»,
сӛздері қандай ассоциация тудырады?
Мағынаны тану: Кластер құру. Идеялық,
мағыналық қырларын
қарастыру. Кӛркемдік ерекшеліктерін іздеп, жүйелеу, жинақтау.
Кубизм:
Суреттеңіз – достыққа зәру жанның кӛңіл-күйі мен мінез-құлқын
суреттеңіз.
67
Салыстырыңыз – Ӛзіңіздің әртүрлі күйдегі сәтіңізді салыстырыңыз.
Зерттеңіз – (ойыңызбен байланыстырыңыз) – шығарма қандай ойға
жетелейді? Шығармадағы кӛркемдік детальдардың автор ойын ашудағы
қызметін пайымдаңыз.
Саралаңыз (талдаңыз) – ӛлеңдегі автордың
ішкі сыр туралы ойын
айқындаңыз.
Қолданыңыз –достық шарты туралы автордың кӛзқарасын пайдалана
отырып достық ережесін жазыңыз.
Ұсыныңыз – әркім оң жағындағы сыныптасына бұрын айтылмаған
кӛңіл түкпіріндегі жақсы лебіз, жақсы ниетін арнасын.
Толғаныс деңгейі:Елес жетелеу.
Шығармашылық деңгей: Әр оқушы 5 минут уақыт кӛлемінде ӛз ойла-
рын жазып шығады. Топта талқылау. Кӛпшілікке оқу.
Рефлексия:
Интервью алу парағы
Оқушының аты-жӛні
Талданатын мәселелер
Жауабы
- Сабақ ұнады ма?
- Ӛлең мәтініндегі сізге ұнаған идея қайсы?
- Сабақ тақырыбының сіз үшін қандай маңызы бар?
- Сабақ барысында кімнің пікірі ұнады Неліктен?
- Топ жұмысында қандай іс-әрекет ұнады?
- Ӛз тобыңыздың қай мүшесіне жоғары балл қояр
едіңіз (аты-жӛнін жазыңыз)
Достарыңызбен бөлісу: