58
БҰҰ-ның қызметін бірқатар органдар, мекемелер мен ұйымдар
басқарады. БҰҰ-ның Жарғысымен негізгі 6 орган бекітілген. Олар: Бас
Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік кеңес,
Қамқорлық жөніндегі кеңес, Халықаралық сот, Хатшылық.
Бас Ассамблея. Бас Ассамблея әлем халықтарының барлығына
жуығының өкілдерінен құралған. Барлық елдер дәл осында бүкіл әлемге
өздерінің алаңдаушылығын білдіре алады. Жер көлемі мен халқының
санына немесе экономикалық қуаттылығына қарамастан әр мүше-мемлекет
бір дауысқа ие болады. Ассамблеяның мәжілістеріне әр елдің жоғары
рангілі дипломаттары, кейде сыртқы істер министрлері немесе мемлекет
басшыларының өзі қатынасады. Бас Ассамблеядағы талқылаулар маңызды
келісімдер мен халықаралық құқықтықтың жаңа нормаларын жасауға қол
жеткізеді. Ондай келісімдер мен қабылданған қарарларды орындауға
мәжбүр етілмейтіндіктен олар тек ұсыныстар болып табылады. Алайда,
көпшілік елдердің пікірлерін білдіретіндіктен олардың елеулі маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: