Халықаралық сот. Халықаралық сот Бас Ассамблея сайлайтын 15
судьядан тұрады. Судьялар олардың азаматтығы негізінде емес, іскерлік
қабілетіне қарай сайланады. Алайда сот құрамында бір елдің екі азаматы
бола алмайды. Соттың орналасқан жері – Нидерландының Гаага қаласы.
Мүше-мемлекеттер соттың қарауына шекаралық даулар, балық аулау мен
пайдалы қазбаларды өндіру құқықтары мен өзге де Жарғыда көрсетілген
мәселелерді бере алады. Бас Ассамблея немесе Қауіпсіздік Кеңесі соттан
кез келген мәселеге қатысты консультативтік қорытынды сұрай алады.
Хатшылық. Хатшылық БҰҰ-ның «азаматтық қызметі» болып
табылады. Оның 15 000 адамнан тұратын халықаралық қызметкерлері
әртүрлі комиссиялар мен мекемелерде қызмет етеді.
Сонымен бірге БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі
басқармасы, БҰҰ-ны дамыту Бағдарламасы сияқты 30-дан астам
бағдарламалар мен ЮНЕСКО және Әлемдік Банк тәрізді көптеген басқа да
мекемелері бар.
4-тапсырма. БҰҰ-ның әрбір органдарының міндеттері мен мақсаттарын анықтаңыз. 5-тапсырма. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыз. 6-тапсырма. Қандай ұйым, мекеме, одақ, қоғам, бірлестік, қауымдастық атауларын және түрлерін білесіз? Үлгі: Атауы:
Қысқартылған атауы:
Түрі:
1. Біріккен Ұлттар Ұйымы
БҰҰ
Азаматтық
қоғам
2.____________________
_________________
______________
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 1-тапсырма. Біріккен Ұлттар Ұйымының хатшысынан тележурналист ретінде ұйымның қазіргі жағдайы туралы сұхбат алыңыз. 2-тапсырма. «БҰҰ және Қазақстан» тақырыбына жоба дайындаңыз. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ 1-тапсырма. Бірлік, ынтымақтастық, татулық туралы мақал-