72
құрылғандығы. Бұл – Шарттардың баптары мен солардың негізінде
жасалған заңдық актілер мүше-мемлекеттердің ұлттық заңдарына кіреді
деген сөз. Олардың орындалуы нақты әрі анық түсіндіруді қажет етеді.
Осыған орай Соттың қызметі маңызға ие болады. Сот әр мүше-
мемлекеттен бір-бірден алынған 15 судьядан және бір судья мен 9 заң
кеңесшісінен тұрады.
Соттар тәуелсіз болуы керек, оларды өз елдері
ұсынып, ЕО-ға Министрлер кеңесі тағайындайды. 6 жыл мерзімге
созылатын тағайындау одан әрі ұзартылуы мүмкін. Әр үш жыл сайын
судьялар құрамы жаңартылып отырады. Заң
кеңесшілері де осы жолмен
тағайындалады.
Сот мүше-мемлекеттер, мүше-мемлекеттер мен ЕО, ЕО институттары
және ЕО мен жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы келіспеушіліктерді
реттейді. Сотты еуропалық интеграцияның қозғаушы күші деп атау өте
орынды. Мүше-мемлекеттер Сот шешімдерін сақтауға міндетті.
Еуропалық кеңес құру Еуропалық қоғамдастықтарды құру туралы
шарттарда қарастырылмағандығына
қарамастан, ол ЕО-ның жоғары саяси
органына айналды. Ол 1974 жылы мүше-мемлекеттердің мемлекет және
үкімет басшылары, сыртқы істер
министрлері мен Еуропалық
қоғамдастықтар
комиссияларының
төрағаларын
және
оның
орынбасарларын қатыстыра отырып, ЕО шеңберінде тұрақты мәжіліс
өткізу туралы шешім қабылдаған кезде құрылған. Содан бері Еуропалық
кеңестің рөлі арта түсті. Еуропалық кеңестің
мәртебесін ең алғаш
Маастрихт шарты белгіледі. Онда «Еуропалық кеңес Одақтың дамуына
қажетті серпін беруді және оның жалпы саяси принциптерін айқындауды
мақсат етеді» делінген.
Достарыңызбен бөлісу: