71
Еуропа қоғамдастықтарын құру туралы Шарттарда қамтылған
міндеттерді орындау үшін бірнеше еуропалық институттар құрылған.
Олардың бастылары Еуропалық комиссия, Министрлер кеңесі, Еуропалық
парламент, Сот және Еуропалық кеңес болып табылады.
Еуропалық комиссия – Еуропа Одағының атқарушы органы. Оның
20 мүшесі ұлттық өкіметтер тағайындағанымен
оларға тәуелсіз қызмет
етеді. Комиссияға 5 ірі мүше-мемлекет – Ұлыбритания, Франция,
Германия, Италия мен Испаниядан екі, қалған 10
кіші елден бір өкілден
кіреді. Бастапқыда Комиссия мүшелері 4 жылға тағайындалған. Алайда
Комиссия мүшесінің Еуропарламент депутатының бесжылдық өкілеттік
кезеңімен сәйкес келуі үшін 1995 жылдың қаңтарынан
бастап бұл мерзім
бес жылға ұзартылды. Сөйтіп, Еуропарламент Комиссия өз міндетін
атқаруға кіріспес бұрын Комиссия мүшелерінің кандидатурасын бекіту
мүмкіндігіне ие болды.
Комиссия негізгі шарттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Комиссияның негізгі міндеттері:
ынта білдіру, қадағалау және жүзеге
асыру. Мүше-мемлекеттер ЕО заңдарын бұзған немесе орындамаған
жағдайда Комиссия жазалау шараларын қолдануға,
оның ішінде сотқа
жүгінуге құқықты. Комиссия әсіресе экономикалық, ауыл шаруашылығы,
көлік т.б. салаларда ортақ саясат жүргізу мен бәсеке саласындағы саясатқа
қатысты дербес құқықтарға ие.
ЕО-ның шешім қабылдауға
өкілетті бас институты Министрлер
кеңесі болып табылады. Мүше-мемлекеттер үкіметтерінің өкілдері осы
институт шеңберінде Қоғамдастықтың заңдық актілерін талқылап,
дауыс
беру жолымен қабылдайды немесе келіспеушіліктерін білдіреді.
Брюссельде ЕО-ның әр мемлекетінің ұлттық министрліктерінің
чиновниктері мен дипломаттары жұмыс істейтін тұрақты өкілдігі бар.
Өкілдік басшылары тұрақты өкілдер Комитеті шеңберінде аптасына бір
рет мәжіліс өткізеді. Осы кезекті мәжілістер кезінде мүше-мемлекеттердің
елшілері мен чиновниктері Министрлер
кеңесі деңгейінде шешілетін
мәселелерді дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: