A. Б. Абдуллина мифтік фольклор оқу құралы Ақтөбе, 2014 Пікір жазғандар



бет2/45
Дата12.10.2022
өлшемі1,03 Mb.
#42556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
A. Б. Абдуллина мифтік фольклор о у ралы А т бе, 2014 Пікір жа

Пәнді оқытудың мақсаты: қазақ фольклоры қанша уақыт кезеңінен өтсе де, заман өзгерген сайын жаңарып, ғылымның жаңа арнасы мен бағытына сәйкес дамып, арнасы жаңарып отырады. Ғылымда жаңадан қалыптасқан әдіс-тәсілдер арқылы фольклордың жаңа саласы ретінде қалыптасып келе жатқан мифтік фольклор арқылы халықтық танымның, ұлттық болмыстың, қазақы дәстүрдің, дін, тіл аясындағы мифтік сананың қалыптасу, даму кезеңдері туралы фольклор мәтіндері арқылы беріледі. Бұл пән халықтың ең ескі, балаң кезіндегі түсініктің ұлттық менталитеттің, дәстүр мен салттың, ырым мен тыйымның, жоралғының аясында көрініс табу дәстүрі жөніндегі білім мен танымды кеңейеді.
Пәнді оқытудың міндеттері:

  • қазақ фольклорының аясындағы мифтік танымның жеке-дара сала ретінде даралық қасиеттен жалпылық қасиетке ие болу процесін меңгерту;

  • фольклор ғылымының ең арна басында мифология атты ғылым тұрғандығын түсіндіру;

  • фольклор мен мифологияның өзара байланыстылығын дәлелдеу;

  • мифология мен мифтердің классификациясын беру;

  • мифофольклор саласының терминдерін, ұғымдарын түсініру;

  • тұрмыс-салт жырлары, халықтың этнографиялық дәстүрлеріндегі, ырым-жоралғыларындағы мифтік танымның көрінісін айқындату;

  • халықтық танымдағы мифтік сананың фольклорға ықпалын ашып көрсету.

Пәнді оқыту нәтижесінде:

    • мифология мен фольклордың өзара тығыз байланыстағы ғылым екені;

    • ұлттық таным мен халықтық сенімдегі, нанымдағы мифтік көріністердің фольклор арқылы танылатыны;

    • халықтың алғашқы санасындағы алғаш әлемнің, ғаламның, адамның, табиғат құбылыстарының, тағы да басқа қоршаған ортаға байланысты, жалпы түсініктердің пайда болуы туралы ұғым-белгілердің пайда болатыны;

    • мифологияның фольклорға дейін және фольклордың аясында өмір сүру формалары;

    • фольклордың барлық жанрларының аясында мифопоэтикалық астардың кең өріс алғаны туралы білім беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет