А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


«Лизинг» дегеніміз не жəне оны қалай қолдану керек



Pdf көрінісі
бет112/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

«Лизинг» дегеніміз не жəне оны қалай қолдану керек?
Лизинг — машинаны, құрал-жабдықтарды, басқа да материалдық 
құралдарды жалға берудің бір түрі. Қысқа мерзімді (бір жылға 
дейін) жалға берумен (немесе рейтингке) салыстырғанда, лизинг 
дегеніміз мүлікті бір жылдан астам уақытқа жалға алу бойынша 
операциялар.
Жалгерлік (лизинг) келісім жалға беруші мен жалға алушының 
арасындағы соңғысының өндіруші немесе жабдықтаушы ұсынған 
мүлікті жалға алуы бекітілетін өзара келісім. Жалға беруші мүлікке 
меншік құқығын сақтайды, ал жалға алушы белгіленген кезең 
ішінде келісілген жалгерлік төлемдерді төлеу негізінде мүлікті 
алып, пайдаланады.
Жалпы анықтамалар аясында лизингтің екі негізгі — қаржылық 
жəне жедел түрін бөліп көрсетуге болады.
Қаржылық лизингке жалға берушінің капитал салымдарының 
толық амортизациясы үшін жеткілікті жəне белгілі бір табыспен 
қамтамасыз ете алатын соманың белгіленген уақытта төленуін 
қарастыратын өзара келісімдер жатады. 
Жедел лизинг түсінігіне машиналарды жəне жабдықтарды 
жалға алудың барлық басқа жағдайлары кіреді, ол бойынша 
жалға алынатын мүлік келісілген уақыт аралығында (егер мұндай 
белгіленген болса), толығымен амортизацияланбайды.
«Факторинг» дегеніміз не жəне оның мүмкіндіктері қан-
дай?
Факторингтің негізгі қағидасы мынандай: фактор-фирма өз 
клиенттерінен олардың өз клиенттеріне талаптарын сатып алып, 
екі-үш күнде төлейді.


178
179
7. МАРКЕТИНГТІК ОРТА
7.1. Маркетинг жəне оның ортасы
Маркетинг жүзеге асырылатын орта 7.1.1. суретте көрсетілген.
Онда маркетинг ортасы бес бөлікке бөлінген: бақыланатын 
факторлар, бақыланбайтын факторлар, ұйымның өз мақсатына 
жетудегі сəттілік деңгейі немесе сəтсіздік деңгейі, кері байланыстар 
жəне бейімделу.
Бақыланатын факторлар қатарына фирма жəне оның маркетинг 
бойынша қызметкерлері басқаратын факторлар кіреді. Бірқатар 
өзара байланысты негізгі шешімдерді жоғарғы басшылық қабыл-
дайды. Сосын бұл шешімдер маркетингтік қызмет басшылығымен 
нақтыланады. Бұл факторлар кешенді түрде жалпы маркетингтік 
стратегияны қалыптастырады (7.1.2. суреттегі А). Негізгі бақы-
ланбайтын факторлар ұйым қызметі мен оның ұсыныстарының 
табыстылығына əсер етеді (7.1.3. суреттегі В).
А — Ұйымның жалпы ұсынысы
В — Бақыланбайтын факторлардың əсері
7.1.1. сурет. Маркетинг қызмет ететін қоршаған орта
Ұйымның болжамы мен бақыланбайтын қоршаған ортаның 
əсері өзара əрекеттесіп, фирманың мақсатқа жетудегі сəттілік 
немесе сəтсіздік деңгейін анықтайды. Кері байланыс фирма 
бақыланбайтын факторларды бақылап, олардың əлсіз жəне мықты 
жақтарын бағалауға тырысқан кезде орын алады. Бейімделу — бұл 
ұйым бақыланбайтын қоршаған ортаға бейімделу үшін жүзеге 
асыратын маркетинг жоспарындағы өзгерістер. Егер ұйым жүйелі 
көзқарас тұрғысынан, барлық қоршаған ортаны (бақыланатын 
жəне бақыланбайтын факторлар.— ред. ескертуі) қарастырғысы 
келмесе, келешекті барлау сезімін жоғалтып, тиісті нəтижеге қол 
жеткізе алмауы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет