А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет110/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   165
Бағалар туралы шешім. Бөлшек саудагерлер орнататын 
бағалар — бəсекелестіктің шешуші факторы жəне ұсынылған тауар 
сапасының көрсеткіші. Бөлшек сатушының мұқият ойластырылған 
сатып алуды жүзеге асыру қабілеті –оның нəтижелі қызметінің 
маңызды құрамдас бөлігі. Бұдан өзге, бағаларды орнатуға басқа да 
себептерге байланысты өте сақ қарау керек. Кейбір тауарларға оларды 
«қызықтыратын» немесе «шығынға батыратын» көшбасшыларға 
айналдыру мақсатында төмен үстеме бағаны қоюға болады. Осы 
арқылы дүкенге келген тұтынушылар өзге жоғары үстеме бағалы 
тауарларды да сатып алады деп үміттенуге болады. Сол сияқты
бөлшек сауда кəсіпорындарының басшылығына баяу өтетін 
тауарлардың бағасын түсіру əдісін де меңгеру қажет. Мысалы, аяқ 
киім сататындар тауардың 50 %-ын 50 % үстеме бағамен, тауардың 
25 %-ын 40 % үстемемен, қалған 25 %-ын үстеме бағасыз сатуды 
көздейді. Бағалардың мұндай төмендетілуі олардың бастапқы 
деңгейінде-ақ көзделген.
Ынталандыру əдістері туралы шешім. Бөлшек саудагерлер 
тұтынушыларды қамту үшін ынталандырудың қарапайым 
құралдарын қолданады — жарнама, жеке сату əдісі, өткізуді 
ынталандыру бойынша шаралар, насихаттау. Бөлшек саудагерлер 
жарнаманы газет, журнал, радио, теледидар арқылы таратады. 
Оқтын-оқтын көпшілікке арналған жарнаманы тұтынушыға 
жеке тапсырылатын хаттармен жəне тікелей пошталық жарнама 
жөнелтумен толықтырады. Жеке сату сатушыларды сатып алушы-
лармен байланыс орнату, сатып алушылық мұқтаждықтарды 
қанағаттандыру, клиенттердің шағымдары мен сенімсіздіктерін 
шешу тəртібі тəсілдеріне жан-жақты үйретуді талап етеді. Өткізуді 
ынталандыру дүкеншілік байқау өткізу, сынақ талондарын қолдану, 
сыйлықтар ойнату, танымал тұлғалардың келуін ұйымдастыру 
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 
Кəсіпорынның орналасу орны туралы шешім. Дүкеннің 
орналасу орнын таңдау — сатып алушыларды тарту мүкіндіктері 
тұрғысынан ең шешуші бəсекелестік факторлардың бірі. Клиенттер, 
əдетте, өздеріне ең жақын орналасқан банкті таңдайды. Əсіресе, 
универмагтар торабы, мұнай компаниялары жəне жылдам қызмет 
көрсететін қоғамдық тамақтану саласындағы артықшылықтарды 
иеленушілер өз кəсіпорындарының орналасу орнын мұқият 
таңдайды жəне осы үшін учаскелерді таңдау мен бағалаудың ең 
озық əдістерін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет