А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Нарықтағы өткізушілік мүдделеріңді патенттің көмегімен



Pdf көрінісі
бет111/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Нарықтағы өткізушілік мүдделеріңді патенттің көмегімен 
қалай қорғауға болады?
Халықаралық құқықта патент дегеніміз а) аталған техникалық 
шешімнің өнертабыс болып табылатынын; ə) оның авторы 
(авторлары) қандай да бір тұлға (тұлғалар) болып табылатынын; 
б) аталмыш тұлғаның (тұлғалардың) немесе оның (олардың) 
құқық мирасқорының (егер өнертабыс қызметтік əрекет тəртібінде 
жасалса, əдетте кəсіпкер) осы өнертабысқа ерекше құқығы бар 
екенін куəландыратын құжат болып табылады. Патент елдегі 
заңға сəйкес уақыт (əдетте 15—20 жыл) аралығында əрекет 
етеді. Осы мерзім ішінде өнертабысты ешкімнің патент иесінің 
рұқсатынсыз өз бұйымдарында, өз зауытында жəне т.б. қолдануға 
құқығы жоқ. Мұндай рұқсат лицензия деп аталады. Бірақ, кең 
мағынада лицензия деп «ноу-хау» терминімен біріктірілетін 
басқа тұлғаға (фирмаға) кез келген рұқсат беруді, патенттелмеген 
өндіріс құпияларын, технологиялық тəсілдерді жəне сол сияқты 
жаңалықтарды қолдануға рұқсатты айтады; fi уnае деп патентсіз 
лицензия туралы айтылады. Ерекше құқығы бұзылған патент иесі 


176
177
шығындарды қайтару туралы, сонымен қатар құқыққа қайшы 
өндірісті тоқтату жəне патенттің бұзылуымен жасалған тауарлар 
туралы талап арызбен сотқа жүгіне алады.
Есте сақтайтын нəрсе, патент өз иесінің құқығын, əдетте патент 
берілген елде қорғайды. Бірақ, соңғы кезде осы жалпы тəртіптен 
ауытқу байқалады: Батыс Еуропада Еуропалық патент жəне 
«Жалпы нарық» патенті, ал халықаралық тəжірибеде Патенттік 
кооперация туралы келісім енгізілген. Халықаралық келісімдер 
патенттерді алу рəсімін едəуір жеңілдетті.
«Инжинирингті сату» дегеніміз не жəне онымен қандай 
фирмалар айналысады? 
Инжиниринг — кеңесші-фирманың клиент-фирмаға өнеркə-
сіптік жəне басқа да нысандар құрылысына байланысты белгілі 
бір қызмет түрін ұсынуы. Бұл жобаны жасаумен, технологиялық 
схеманы құрумен, құрылыстың оптимальды нұсқауларын таң-
даумен, құрал-жабдық, машиналар мен материалдарды жеткізумен, 
іздестірулер жүргізумен, нысандарды пайдалануға беру мен 
олардың жұмысын қадағалаумен байланысты түрлі кеңестер 
болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет