А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет18/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Сақтандыру маркетингі — бұл өзара есеп пен қажеттіліктер-
ге бағытталған сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы 
əрекеттестік жүйе, сондай-ақ клиенттердің қажеттіліктерін 
толығырақ есепке алудың есебінен сақтандырушының табысын 
барынша көбейтуге арналған іс-қимылдар кешені.
Сақтандыру маркетингі капиталды жинаудың спецификалық 
ерекшеліктерін қарастырады, ол əртүрлі əлеуметтік топтардың 
табыс деңгейін, халықтың демографиялық көрсеткішін (туу мен 
өлімнің арасындағы арақатынасты), сонымен қатар мемлекеттік 
сақтандыру мен əлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің жағдайын 
есепке алады. 
Сақтандыру — маркетингтік басқару əдісін əзер қабылдаған, 
қалыптасқан дəстүрі бар ескі бизнес. Қазіргі заманғы сақ-
тандыру маркетингі — бұл «толықтыруды» емес, сақтандыру 
компанияларының бөлімшелер құрылымына нарықтық жүйенің 
басқаруын кіргізуге бағытталған кешенді маркетинг. 
Сақтандыру маркетингінің тиімділігі сақтандырушы мен 
сақтанатын адамның арасындағы өзара байланысты қамтамасыз 
ететін факторлар кешендерін біріктіруге байланысты. Олар мына 
жағдайларды қарастырады:
— клиенттердің сақтандыру бойынша қажеттіліктерін зерттеу;
— сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы ақпарат 
алмасу жүйесін жасау;


30
31
— сақтандыру қызметтерін жасау, өндіру жəне сапасын ба-
қылау;
— сақтандыру өнімін сату жүйесін құрастыру жəне өткізуді 
ынталандыру;
— сақтандыру нарығындағы жағдайды, бəсекелестікті жəне т.б. 
саралау.
Мысалы: бүгінгі экономика мен банк жүйесіндегі дағдарыс 
жағдайында сақтандыру бизнесі өзінің тұрақтылығын сақтап 
қалды, себебі клиенттеріне сақтандыру бойынша барған сайын жаңа 
қызметтерді ұсынуда. Айталық, өмір мен денсаулықты қорғауды 
бір мезгілде қамтамасыз ететін, сақтандырудың ұзақмерзімді 
жинақтау қоры туралы келісім жасалады. 
Мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдар маркетингі коммер-
циялық емес маркетинг саласына жатады, əрі мемлекеттік жəне 
коммерциялық емес ұйымдар тұрғысынан қоғамдық көзқарасты 
қалыптастырудан тұрады. Мұндай ұйымдар, əдетте қоғамдық 
мүдделер үшін қызмет етеді немесе белгілі бір идея үшін күреседі, 
мысалы депутаттыққа кандидат ұсынады, темекіге қарсы кампания 
ұйымдастырады жəне т.б. Қазіргі заманғы бəсекелестік жағдайында 
мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдарға маркетингтік тəсілдерді 
зерттеп, қолдану керек, себебі тұтынушылардың өзге ұйымдардың 
ұсыныстарын таңдауы əбден мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет