А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет34/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Фрейдтің мотивация теориясы. Фрейд адамдар негізінен 
өздерінің іс-əрекеттері қалыптастыратын нақты психологиялық 
күштерді саналы түрде түсінбейді, адам өз бойындағы көптеген 
құштарлықты тұншықтыра отырып, өседі деп есептейді. Бұл 
құштарлықтар ешқашан толығымен жоғалып кетпейді жəне 
ешқашан толық бақылауда болмайды. Олар адамның түсіне 
кіреді, жаңылысып айтқан сөздерінде, жүйкесі шаршағанда, қатты 
ойланғанда, ақырында адамның «эгосы» өзінің жеке «идінің» 
мықты импульсын «супер-эгоның» қыспағымен теңдестіре 
алмайтын психоз жағдайларында байқалады
2

.
Мотивацияны зерттеушілер бір затты сатып алу кезінде 
тұтынушының санасына не əсер етуі мүмкін екендігіне байланысты 
бірқатар қызықты, сонымен қатар таңқаларлық қорытындылар 
жасады. Олардың ойынша: 
— тұтынушылар қара өрікті тыржиған жəне қарт адамдарға 
ұқсас болатындықтан, сатып алуға қарсылық көрсетеді; 
— ер адамдар саусақ сорудың ересектерге арналған баламасы 
болғандықтан, темекі тартады. Оларға өздерінің еркектігін біл-
діретін иісі күшті сигаралар ұнайды; 
— əйелдер жануарлардың алдында өздерін кінəлі сезінгендік-
тен, жануар майынан гөрі, өсімдік майын пайдаланғанды дұрыс 
көреді; 
— əйел кексті ыждақаттылықпен пісіреді, өйткені бұл əйел үшін 
санадан тыс дəрежеде баланы дүниеге əкелу үрдісіне ұқсас. Оған 
кекске жеңіл пайдаланылатын қоспаларды қосу ұнамайды, себебі 
жеңіл өмір жазықтылық сезімін оятады. 
Маслоудың мотивация теориясы. Авраам Маслоу адамдардың 
неліктен əртүрлі уақытта əртүрлі қажеттіліктерді сезінетінін 
түсіндіруге тырысты. 
Неліктен кейбір адамдар өздерін сақтауға, ал екіншілері 
айналадағы ортаның сыйына бөлену үшін көптеген уақытын, күш-
жігерін жұмсайды? Ғалымдар адамның қажеттіліктері айрықшадан 
болмашыға дейінгі иерархиялық маңыздылық деңгейінде орна-
ласады деп есептейді.
2
Жеке адамның психикалық құрылымында З. Фрейд үш компонентті бөліп 
көрсетті: санадан тыс «ид» (Ол) — соқыр түйсіктер құштарлығының саласы; 
саналы «эго» (Мен) — қоршаған орта жəне ағзаның жағдайы туралы ақпаратты 
қабылдайды, «ид» күшін бөгейді, тұлғаның əрекетін реттейді; «супер-эго» 
(Жоғарғы мен) — əлеуметтік нормалар мен адамгершілік мақсаттардың саласы.— 
Ред. ескерт.


58
59
Өзін 
таныту 
қажеттіліктері
(өзін дамыту жəне
өзін істе көрсету)
Құрметке қажеттілік
(өзін өзі құрметтеу, 
мəртебе, қадірлеу)
Əлеуметтік қажеттіліктер
(рухани жақындық сезімі, махаббат)
Өзін өзі сақтау қажеттілігі
(қауіпсіздік, қорғалғандық)
Физиологиялық қажеттіліктер (аштық, шөлдеу)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет