А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ТҮРІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ӨЗІ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет33/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ТҮРІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ӨЗІ ТУРАЛЫ 
ТҮСІНІГІ
Жеке адамның түрі — оның қоршаған ортаға жауапты реак-
цияларындағы салыстырмалы бірізділік пен тұрақтылықты 
қамтамасыз ететін ерекше психологиялық мінездемесінің жиын-
тығы. 
Жеке тұлғаның түрлерін, əдетте тұлғаға тəн мынандай ерек-
шеліктерге сүйеніп суреттейді: өзіне өзі сенімділік, қырағылық, 


56
57
ықпалдылық, шын берілгендік, тəуелсіздік, агрессивтік, тұрақ-
сыздық, ұстамдылық, ізеттілік, жетістікке ұмтылу, мансапқорлық, 
тəртіпті жақсы көру, көпшілдік, икемділік.
Жеке адамның түрін білу жеке тұлғаның түрі мен тауарды 
немесе марканы таңдаудың арасында белгілі бір байланыс бол-
ғанда, тұтынушылық іс-əрекетті саралауда пайдалы болуы 
мүмкін. Мысалы, сыра шығаратын компания көптеген сыра 
тұтынушыларының аса көпшілдігімен жəне агрессивтігімен 
ерекшеленетінін анықтауы мүмкін. Бұл осыған сəйкес сыра 
маркасының бейнесі мен жарнамада қолданылатын кейіпкерлердің 
түрлерін табу туралы ойға жетелеуі мүмкін. 
Маркетингпен айналысатын көптеген адамдар өз қызметтерінде 
жеке адамға тікелей қатысты түсінік пен адамның өзі туралы ойына 
сүйенеді. Біздің барлығымыздың ойымызда өзіміз туралы күрделі 
бейне болады.
3.5. Психологиялық деңгейдегі факторлар
Тұлғаның сатып алушылық таңдауында психологиялық дең-
гейдегі негізгі төрт фактор көрініс табады: себеп, қабылдау, 
меңгеру, сенім жəне қарым-қатынас.
МОТИВАЦИЯ. Адам барлық уақытта көптеген алуан түрлі 
мұқтаждықтарды сезінеді. Олардың кейбіреулері табиғаты биогендік 
болып келеді, яғни аштық, шөлдеу, қолайсыздық секілді ішкі 
физиологиялық жағдайдың салдары деп есептеледі. Қалғандары 
психогендік, мойындалуға қажеттілік, сыйлы болу, рухани 
жақындық секілді ішкі қобалжудың нəтижесі болып табылады. 
Бұл мұқтаждықтардың көпшілігі белгілі бір нақты уақытта əрекет 
жасауға итермелейтін дəлел қызметін атқаруға жеткілікті қарқынды 
болмай шығады. Қарқындылықтың айтарлықтай жоғары деңгейіне 
жеткен мұқтаждық мотивке айналады. 
Мотив (немесе түрткі) — адамды қанағаттандыру жолдарын 
іздеуге итермелейтін бұлтартпайтын мұқтаждық. 
Мұқтаждықты қанағаттандыру тұлғаның іштей сезінетін 
қобалжуын азайтады. 
Психологтар адам мотивациясының бірқатар теорияларын 
дайындады. Солардың ішіндегі ең танымалдары — Зигмунд 
Фрейдтің теориясы жəне Авраам Маслоудың теориясы. Олар 
тұтынушы мен маркетингті зерттеу бойынша мүлдем əртүрлі 
қорытындыларды ұсынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет