А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет62/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Нарықты сегменттеу. Нарық сегменті маркетингтің түрт-
кі ынталандыруының бірдей жинағына теңдей əсер ететін 
тұтынушылардан құралады. Сондықтан, фирмалар өз күштерін 
нарықтың бір немесе бірнеше сегментінің ерекше мұқтаждықтарын 
қанағаттандыруға шоғырландырады. Барлық нарық сегменттерінің 
бағдарын құрастыру қажет. Фирманың маркетингтік мүмкіндігі 
ретінде олардың əрбірінің тартымдылығын бағалау үшін, əрбіріне 
тəн қасиеттердің негізінде сипаттау керек. 


104
105
5.6. сурет. Фирманың мақсаттары жəне ресурстары тұрғысынан
нарық мүмкіндіктерін бағалау 
Нарықтың мақсатты сегменттерін іріктеу. Фирма нақты 
нарықтың бір немесе бірнеше сегментіне шығу туралы шешім 
қабылдай алады. Мысалы, бас ауруына арналған дəрілер нарығын 
тұтынушылар қажеттілігінің қарқыны бойынша үш топқа (И1 
тез жеңілдеу, И2 — ұзақ уақыт жеңілдеу, И3 — біртіндеп 
жеңілдеу) жəне тұтынушылардың жас шамасына қарай үш топқа 
(Г1 — жастар, Г2 — орта жастағы адамдар, Г3 — қарттар) бөлуге 
болады делік. Қажеттіліктің қарқындығы мен тұтынушылардың 
жасын салыстыру арқылы нарықтың 9 ықтимал сегментін 
анықтауға болады. «Элен Кертисте» бұл нарыққа шығудың бес 
мүмкіндігінің біреуі бар. Ол 5.7.1 суретте графикамен көрсетіліп, 
төменде сипатталған.
1. Бір сегментке шоғырлану. Компания орта жастағы топқа 
ұзақ уақыт əсер ететін ауруды қойдыратын дəріні ұсыну арқылы, 
тек бір сегментпен жұмыс істеу туралы шешім қабылдай алады 
(5.7.1а суретті қара);
2. Тұтынушы қажеттілігіне бейімделу. Компания бір ғана 
тұтынушылық қажеттілікпен жұмыс істей алады. Бұл –сатып 
алушылардың барлық түрлеріне арналған ұзақ уақыт əсер ететін 
ауруды қойдыратын дəрі (5.7.1 б суретті қара);
3. Тұтынушылар тобына бейімделу. Компания тұтынушылар-
дың белгілі бір тобына арналған ауру қойдыратын дəрінің барлық 
түрлерін шығару туралы шешім қабылдай алады. Аталған жағдайда 
бұл — орта жастағы адамдар (5.7.1 в суретті қара);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет