А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата18.05.2023
өлшемі361,51 Kb.
#94586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
момынова

1.Тағзым ете сәлем беру ишараты. Бұл ишарат күрделі, көпкомпонентті, кешенді иша-
ратқа жатады, себебі бірнеше қимыл мен әрекет қатарынан орындалады және адамның 
бірнеше дене мүшелерінің қатысуымен жасалады, олар: бас ию, яғни бетті төмен қарата 
ұстау, қамшы ұстаған қолды омырауына, төсіне дейін көтеріп әкелу, денені кеуде 
тұсына дейін бүгіңкіреу. Ишаратты ер адамдар жасайды және осы ишарат орындалғанда 


31 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
ер адамдар аяқтарының арасын алшақтау ұстайдыбұл нық тұру үшін қажет. Ал 
ишараттың жеткізіп тұрған түйінді ақпараты – төрдегі отырған ханға, ел билеген адамға, 
батырға дәрежесі төмен адамдардың, жастардың сәлем беруі, тағзым етуі. Тағзым ету 
тек сәлем беруді ғана емес, көп ретте бағыныштылықты, мойынсұнуды, кей реттерде құр-
меттеуді білдіреді. Мысалы: Табалдырықтан аттай сала қамшысы салаңдаған оң қолын 
омырауына апарып, тағзым етті [Ә.Кекілбаев. Үркер. 7-б.].
2. Қамшыны кеудеге апарып, бас ию – дәрегейі биік адамға онан дәрежесі төмен 
адамның жасайтын амандасу әрі құрмет көрсету ишараты: Оң қолындағы он екі өрме, 
жібек шашақты, күміспен нықтаған қамшысын кеудесіне апарып, басын болмашы иген 
ишарат білдіріп, шаш төрде аласа піл сүйекті тағында отырған қаба сақал жұнт қараға 
шаншыла қарап демге аялдады [М.Есләмғалиұлы. Әйтеке би. 288-б.]. 
3. Оң қолын кеудесіне қою – сәлем беру, амандасу ишараты. Қолды кеудеге қоюға 
ұқсас сәлемдесу кезінде орындалатын бейвербалды амал қолын көкірегіне басу және қол-
ын ұсыну. Мысалы: Бекболат та қолын көкірегіне басып сәлем беріпқолын ұсынып 
еді [Ж.Аймауытов.Ақбілек. 101-б.]. Қолын көкірегіне басу ишарасы сәлемдесіп тұрған 
адамын сәлем жолдаушының сыйлайтынын, қадірлейтінін көрсетеді. 
 Жол болсын, мырзалар! – деді жирен бедеудің шылбырын ұстап тұрған жігіт. Оң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет