37
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
мация ала алады. Мысалы, Құнанбай ернін қыбыр еткізіп қана,
үнсіз сәлем алды [М.Әуезов.
20 томдық шығ. жин. 3-том. 78-б.] дегенде, сәлемнің құлықсыз алынуының өзіндік бір себебі,
ерекше жағдаяты бары сезіліп тұрады. Оны сол жағдаятты білетін, түсінетін, соған тікелей
қатысушы адам ғана нақты айта алады, біледі. Ал бірақ бақылаушы үшінші жақ сәлемнің
берілуі мен сәлемнің алынуына қарай отырып, өзіндік ой түйеді, белгілі ақпар ала алады.
Амандасу
кезінде қол, алақан арқылы жасалатын бейвербалды амалдар бір-біріне
ұқсас, бірақ олардың орындалу ерекшеліктеріне қарай мағыналық реңктері қалыптасады
.
Мысалы,
Екеуі ұзақ
қол сілкісіп, амандық білісіп болған соң, Лосовский жалғыз келген
қонағын қасына отырғызды
[М.Әуезов. Абай жолы. Роман-эпопея. 2-кітап. 346-б.].
Бұл
арадағы
қолды ұзақ ұстап, сілкілей амандасудың астарлы мағынасы бар,
сағынысып
көрінген жандардың бір-біріне деген сыйластығы, риясыз көңілі, ыстық ықыластары,
аман көріскендеріне деген қуаныштары жинақталған.
Достарыңызбен бөлісу: