А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата18.05.2023
өлшемі361,51 Kb.
#94586
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
тәжім етіп орнынан тұра келді [І.Есенберлин. Алтын Орда.1-кітап. – 190-б.]. 
– Алтын Орда ханының қадірлі қонақтары болыңыздар. Барлық жұрт басын иіп 
тәжім етті [І.Есенберлин. Алтын Орда.1-кітап. 59-б.]. Жинастырылған мысалдар кей-
бір коммуникативтік жағдаяттарда сәлем ете орындалатын ишараттардың өзге семанти-
камен, атап айтқанда, сыйлау, қадірлеу, қоштасу, құрметтеу, бағыныштылықты байқату 
мағынасын білдіретінін дәлелдейді: 
1. Тізе бүгіп сәлем беру – сәлем беру және сыйлау мағынасын білдіретін ишарат, әйел-
дер тарапынан жиі орындалады. Әйелдердің оң тізесін сәл бүгіп, кеудесін иіп, басын тө-
мен түсіріп, көзін төмен салып орындайтын ишараты:
– Бәрекелді, сөз тапқанға қолқа жоқ, кім болсаңыз да бүгін сыйлы қонағым болыңыз, 
армысыз аға! – Шәйлі үйелмендей болып орнынан тұрған батырға тізесін бүгіп, сәлем 
берген [К.Сегізбайұлы. Беласқан. 63-б.]; Үйдің оң жағына шығып, қарап тұрған әйел 
қарсы жүруге қаймығып, анадайдан тізе бүгіп, сәлем етті [Ә.Кекілбаев.Үркер.24-б.]. 
Бұл мысалдағы сәлем беретін адамға жақындамай, белгілі бір қашықтықты сақтап
алыстан сәлем етудің астарында қаймығу ғана емес, қатты қадірлеу, ерекше ілтипат 
білдіру мағынасы бар. Бұл да көпкомпонентті сәлем ету түріне жатады және басын ию, 
тізесін бүгу, көзді төмен салуды орындауға бірнеше дене мүшелерінің қатысатыны 
көрініп тұрады, ишаратты әйел адамдар үлкен адамдардың, қарттардың және ата-енесінің 
алдында орындайды. 
Әйелдер тарапынан жасалатын сәлемдесу ишараттары жай ғана сәлемдесуден гөрі, құр-
мет көрсетуді, кішілікті, бағыныштылықты көрсететін ишараттық бейвербалды амалдарға 
жатады. 
2. Айталық, әйел адамның, келіннің орнынан тұрып, сыпайылық көрсетіп, басын кө-
термей, көзін төмен салып, алдындағы адамға тура қарамауы сондай сәлем ишаратына 
жатады. Бұл да әйелдердің үлкендерге, қайынатасы мен енесіне, қайын жұртындағы 
жасы үлкендерге, қайынағаларына құрмет көрсете сәлемдесуді білдіретін ишарат. Ишарат 
орындалғанда сөз айту міндетті емес. Орнынан тұруы, келген адамның бетіне тік қара-
мауы, көзін көтермеуі, біріншіден, ерекше құрметтің, екіншіден, сыпайылықтың және 
кішіліктің белгісі саналады: Абайдан басқаның бәрі оған даурыға сәлем беріп, дәл төрден 
орын босатысты. Әйгерім үлкен қайнаға келгенін көріп, сыпайы сызылып, орнынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет