33
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
Қомұзшы жігіт
жұртқа қарап, тағзым етіп, иілгенде Фрунзе қолын бұрынғыдан да
қаттырақ соқты [Ш.Мұртазаев. Жұлдыз көпір. 263-б.].
Тағзым етудің тек
Аллаға жалбарыну мағынасымен қолданылуы мына мысалда
келтірілген
: Сейіт Әлім жастықтан басын оқыс көтеріп
, екі қолын кеудесіне қайта-
қайта басып, құбылаға қарап, әлденеше мәрте тағзым етті. Артынша күбірлеп: «О,
Алла, жарылқай гөр! Есірке құлыңды!»
– деді [С.Бақбергенов. Бөрте – Шыңғысханның
жұбайы. 197-б.]. Сол сияқты
тәжім ету – атақ-дәрежесі зор, дәрежесі биік лауазымды
адамдардың, негізінен хандардың алдында бағыныштылар тарапынан орындалатын
ишарат қызметін атқаратыны тілдік фактілерден көрінеді.
Тәжім ету көбінесе ханға
жасалады. Күтіп алу кезінде келген адамның қай жағынан болмасын басымдығын, күші
мен дәрежесін сөзсіз мойындау түрінде орындалатын бейвербалды амал –
тәжім ету.
Қазақ дәстүрінде тәжім хан алдында жасалады. Ертегілерде, аңыздарда тәжім етудің
орындалатын орындары жақсы сипатталады. Тәжім ететін адам
орнынан тұрып барып,
көзін төмен түсіріп, басын иіп, қос алақанын бірінің үстіне бірін қойып қолын қусыра
ұстап тұрып, бар бітімімен бағыныштылығын көрсетеді: Ханды күтіп отырған Құндыз
Достарыңызбен бөлісу: