32
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
Мінәжат қылу//ету//жасау ишаратының тағзым ету, тәжім ету ишараттарының орын-
далуынан көп айырмасы жоқ. Айырмашылық аталған ишараттар орындалғанда айтылатын
сөз-формулаларында болса керек. Соған байланысты
мінәжат қылу мен
тағзым ету – екі
бөлек ишарат саналады.
Мінажат қылу – діни сипатты ишарат. Бұл ишараттың түп негізінде
Аллаға табыну, құдайға жалбарыну деген ұғымдар жатады. Мысалы:
Мінәжат кезегі
Сейітқұлға бағышталды. Бұдан кейін осы қауымдағы барша марқұмның аруағына жеті киелі
дұға бағыштап барып, қорым шетіндегі Бәйбектің басына
тізе бүгісті [М.Есләмғалиұлы.
Әйтеке би. 56-б.]. Мола басында тізе бүккен жерде құранға қол жайылып, аруаққа дұға
бағышталатыны белгілі, ал бас иіп, тізе бүгу, арнайы сөз-формулалардың айтылуы тұтас
мінәжатты құрайды.
Тағзым ету – мінәжатқа ұқсас, сыйлауды, қадірлей отыра бас иетіндікті білдіретін,
оң мағыналы ишарат түрі. Рақметін білдіру, ризашылығын көрсету мақсатында
орындалады және иіліп, тағзым ете сәлем жасау әйелдерге тән. Ал ер адамдар дәрегейі
биік адамдар алдында, жастар дана ақсақалдар мен батыр ағалар алдында тағзым еткен.
Мысалы: Алқоңыр да баланы бауырына басқан күйі орнынан көтеріліп, билерге
тізесін
бүге тағзым етті [М.Есләмғалиұлы. Әйтеке би. 451-б.].
Т
ағзым етуде мәнсапты адамның биік дәрежесіне, дәрегейіне бас ұру (ханға тағзым
ету//жасау) мен
шын ниетпен сыйлау, амандығын тілеу ұғымдары көрініс табады:
Орта-
дағы сары ала шатырға жеткен соң бәрін шыр айнала қоршап тұрып ап мінәжат
Достарыңызбен бөлісу: