А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата18.05.2023
өлшемі361,51 Kb.
#94586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем берді.
 Әлей болсын, жігітім! – Қасқақ батыр сыпайылық көрсетіп тұрған жігітке сыпайылық 
көрсетіп, өзі де оң қолын кеудесіне қойған. Жолаушылардың бәрі де ишараны қайтала-
ған [К.Сегізбайұлы Беласқан.]. Бұл жердегі иілу әйелдердің сәлем беру кезіндегі иілуінен 
бөлек, тек басты төмен ию түрінде орындалады. Өйткені кез келген адамға иіліп сәлем 
берілмейді, бірақ бас ию амалы сәлем беру кезінде жиі орындалады. Әсіресе бас ию  
жастардың үлкендерге сәлем беру кезінде жиі орындалатын ишарат. 
Мына мысалда тізерлей отырып, қолды кеудеге қойып сәлем берілу үлгісі берілген: Үйге 
жүз қадамдай қалған шамада қағылез қара жігіт аттан домалай түсіп, бұларға жақындай 
берді.
– Армысыз, ағалар!
– Бар бол, шырақ.
Жолаушы қамшылы оң қолын кеудесіне басып, бір тізерлей шөкеледі [М.Есләмғалиұлы. 
Әйтеке би. 116-б.]. Шөкелей отырған кезде адам басын тік ұстамайды, төмен қарап отырады. 
Сәлемнің өзі әртүрлі ниетпен (сыймен//құрметпен, қадірмен//қадірсіз, менсінбей, кем-
сітіп т.б.) берілетіні мына мысалдан байқалады: Ерен тұлғалы неме кердең-кердең басып, 
кіре бере оң қолын кеудесіне қойды [І.Есенберлин. Алтын Орда. 1-кітап. 258-б.]. Оң 
қолын кеудесіне қойып сәлем ырымын жасағанмен, сәлемінде сый жоғы, кердең-кердең 
басуынан байқалады. Құрмет көрсету ишараты сыйлайтын адамына бірнеше рет кеудесін 
оң қолымен басып, белін бүгіңкіреп, басын төмен түсіріп, иіле түсу және осы кезде 
тізені сәл бүгу арқылы орындалады: Оның бұл қарасының мән-жайын ұққаны болар, бұл 
енесіне осымен әлденеше мәрте иіліп, тіпті тізесін бүгіп ізет етті (С.Бақбергенов 
Бөрте – Шыңғысханның жұбайы. 11-б.]. Бұл әйелдердің үлкендерге сәлем беру ишараты.
Амандасу, сәлемдесуге байланысты бейвербалды амалдар вербалды түрде мінәжат 
ету, тәжім ету, тағзым ету тіркесімдерімен жеткізіледі. Бұлардың ішінде сәлемдесу үшін 
орындалатын бейвербалды амалдар – тағзым ету мен тәжім ету. Бірақ қазақтың бей-
вербалды амалдарына көпмағыналылық сипат тән екенін ескергенде, аталған амалдардың 
да жағдаятқа қарай көпмағыналы болатыны, басқа мағыналарды жеткізуге әлеуеті бары 
байқалады. Мінәжаттың да, тағзымның да орындалуы ұқсас. Сондай-ақ, тәжім етудің де 
аталған ишараттармен орындалу жолы бірдей: Үйден шыққан үкілі сәукелелі келіншек те 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет