35
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
жатады. Мысалы:
Үш қайтара төс түйістірген шах қолтығынан демеген күйі биді
төрге оздырып,
оң жағына жайғастырды [М.Есләмғалиұлы. Әйтеке би. 288-б.].
Жастардың үлкендерге берген сәлеміне байланысты орындалатын бейвербалды амал
қолды кеудеге қойып, амандық ишаратын жасау. Мысалы: Екі жас «Ассалаумағалайкүм-
дерін» жарыстыра,
оң қолдарын кеуделеріне басқан беттері босағада
іркіле берген
[М.Есләмғалиұлы. Әйтеке би. 381-б.]. Жастар рұқсат етілмей, яғни «Келіңдер, жоғарылаң-
дар!» деген сөздер айтылмай, сәлем қабылдап отырған адамның сәлемді қалай қабылдаға-
нын білмей тұрып, жоғары өтпейді. Жоғарыға бірден өтуге жас адамдарға тыйым бар,
үлкендер отырғанда жастар төрге шықпайды, сондықтан бірден жоғарыға, төрге өтіп
кетпеуі жастардың жасықтығын емес, үлкендерді сыйлайтынын, дәстүрді сақтайтынын
көрсетеді.
Оң қолын кеудеге басу да сәлемдесумен қатар құрмет көрсетуді, шын жүректен
амандық тілеп тұрғандықты білдіретін ишарат.
Достарыңызбен бөлісу: