39
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
8-б.]; Қызыл әскер
қалт тұрып, қолын шекесіне апарды [Ш.Мұртазаев. Жұлдыз көпір.
Қызыл жебе. Роман. 3-кітап. 272-163-бб.].
Амандасу кезіндегі адам дауысының әуезділігі, қаттылығы мен жұмсақтығы да өзінше
рөл атқарады. Өзіне көңіл аудартқысы келген адам дауысын барынша қатты шығарып аман-
дасады. Сөйтіп жұрт назарын аударып алады: Ыңыршағы айналған лақса мінген Медеу
ақын да жеткен екен, босағадан аттай бере
ащы дауыспен айқайлап, өлеңдете сәлемдесті
[Ш.Мұртазаев. Жұлдыз көпір. Қызыл жебе. Роман. 3-кітап. 161-б.].
Достық ниет, риясыз көңілмен амандасқанда адамдар жымиып, күліп амандасады:
Екеуі
күле амандасып, бір-бірін қолтықтап кете барды [С.Бақбергенов. Бөрте – Шыңғыс-
ханның жұбайы. 352-б.].
Амандасу, сәлемдесу кезінде орындалатын ишараттардың вербалдануы әртүрлі бола-
ды. Айталық, қол ұсынуды суреттегенде көркемсөз шеберлері оны әртүрлі жеткізеді: Екі
қолымды бергенім қате болды ма деп, жеңін сыбанып, қалақтай
алақанын Тыпаңның
жып-жылы жұмсақ
уысына қырынан сұға қойды [Ж.Аймауытов. Ақбілек. 101-б.]. Си-
патталып тұрған ишарат
– жай ғана амандасу ишараты. Бірақ
алақанын уысына қырынан
сұға қою тіркесімі арқылы амандасудың вербалдануының дәстүрлі сипатталауынан бөлек,
окказионалды түрде берілгенін байқауға болады. Авторлық стильдік ерекшеліктердің
көрінісі осындай кездерде нақты байқалады. Мысалы, Ж. Аймауытовтың сәлемдесу иша-
ратын, оның ішінде қол беріп амандасуды сипаттауы былайша көрініс табады: Бір шетінде
тұрып Бекболат та
қалақтай алақанын қырынан жапсырып жатыр [Ж.Аймауытов.
Ақбілек. 105-б.]. Бұл ишараттың алдыңғы ишараттан мағыналық айырмасы жоқ, тек жет-
кізілу формасы, вербалдануы бөлек.
Қорыта айтқанда, амандасу кезінде орындалатын ишараттардың ұлттық сипаты ерек-
ше. Мақалада ишараттардың ұлттық сипаты, олардың мағыналық ерекшеліктері барынша
ашылып көрсетілді. Олардың вербалдануы сөз болды.
Достарыңызбен бөлісу: