А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет150/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

Ауыз әдебиет
Сауықтама.Ермектеме. Түпнұсқада және 1989 ж. жинақта «...ер-
тексімек аңыз...» деп берілген тіркес 1991 ж. жинақта «...ертегісымақ 
аңыз...» болып өзгерген. 
ертексімек. Түпнұсқада және 1989 ж. жинақтағы:
«Он бес жігіт жиылып, көтере алмай,
Енді саба қылмасқа тоба қылдым» 
деген өлең шумақтары 1991 жылғы басылымда кездеспейді. 
Зауықтама. Толғау.
«Сұрқия Кенесары – қашаған хан,
Серғазы – талай жасты жасаған хан. 
Дәулетін Байекемнің айырма деп, 
Тілекті мен тілейін жасағаннан. 
Жарлыны жалғызбенен бір теңгердің 
Алтынды айналайын босағаңнан! 
Кеңеске келіссіз сөз тек қосайын, 
Тап атам Жарылғасқа ұсағанмын. 
Қарастым тойды жақсы бастады деп
Берсең де бір қысырақ қосақ алман» –
деген шумақ «Ақ жолда» кездеспейді. Бұл шумақ 1989 жылғы жинақ 
пен түпнұсқада бар екен. 
Түпнұсқада «Қобыланды батыр» жырынан алынған үзіндідегі:
«Айналайын Қалдыжан,
Ағаңды кімге тапсырдың?!» –
деген өлең жолындағы«Қалдыжан» сөзі 1991 ж. басылымда 
«Қарлығаш» болып берілген. 1989 жылғы жинақта өзгермеген. 
Түпнұсқада:
«Он сегіз мың ғаламның
Патшасы, әуел Хақ Жаббар!
Есіттің бе сөзімді?» –
деген өлең жолдарындағы «Жаббар» сөзі 1989 жылғы басылымда 
«Жаппар» деп берілген. Ал, 1991 жылғы жинақта:
«Он сегіз мың ғаламға
Патша болған хақ жаббар!
Есіт мынау сөзімді» –
деп өзгеріске ұшыраған. 


379
Түпнұсқаның осы тарауындағы «Күңіреніп жатырмын» деген
өлең жолы «Ақ жолда»: «Көгеріп келе жатырмын» болып өзгерген. 
Ал, 1989 ж. басылымда түпнұсқамен бірдей берілген. 1991 жылғы 
басылымдағы өзгеріс түпнұсқамен түзетіліпті. Біз 2003 жылғы 
нұсқаға тоқтадық. Сондай-ақ, «Ақ жолда»:«Жаз ыстық, қыс суықпен 
өмір шегіп» деген өлең жолы 1989 ж. басылымда:«Жарыстық қыс 
суықпен өмір шегіп» болып өзгерген. Бұл өлең жолы түпнұсқада 
мүлдем кездеспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет