84
МАсА
Түсіне қарап,
Ішінен түңілме!
Күшіне қарап,
Ісінен түңілме.
сӨз иесінен
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түсі өзгерілмес
Дегенмен қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп,
қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!
жАзУШының ҚАнАғАты
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын
біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап,
Жаратпай
қайсыбірі, теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар.
тУысыМА
Болармын нағып риза туысыма?
Туыппын таршылықтың уысында.
Шамам жоқ, жан-жағыма қол созарлық,
Тар көрдің тығылғандай қуысына.
85
Айта алмай шын сөзіңді қорғалайсың,
Туғаның бүйтіп қор боп құрысын да!
Бар пайдаң өз басыңнан артылмаса,
Мал ғұрлы мағына жоқ тұрысыңда.
жАДОвсКАЯДАн
Мінсіз
таза меруерт
Су түбінде жатады.
Мінсіз таза асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан зат
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады.
Достарыңызбен бөлісу: