А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет23/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Арифметикалық амал түрлеріне сипаттама.

  2. Амалдарды жаза білуге үйрету әдістері және оның маңызын талдау.

  3. «Теңдік», «Теңсіздік» ұғымдары тақырыбына реферат.

  4. Заттарды санына қарай салыстыруға үйрету жолдарын талдау.

АРИФМЕТИКАЛЫҚ АМАЛДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ҮЙРЕТУ КЕЗЕҢДЕРІ, ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

Мектеп жасына дейінгі балаларды натурал сандармен таныстырудың өзіндік жүйесі бар. Сондықтан біз «сан» деген ұғымды айтқанда натурал санды айтамыз. Нақты теориялық қарапайым математикалық түсініктер мектеп жасына дейінгі ба-лалардың натурал сандардың жүйесі жөніндегі ұғымын құрайды. Натурал сан туралы әр жас тобына сай санау кезеңдерін ескеру керек. Балаларды санауға үйретудегі міндеттерді, санау ережеле-рін сақтау қажет. Балаларды сан туралы ұғым қалыптастыруда ойын жаттығулары мен орындарды пайдалану қажет. Балалардың сөйлемді дұрыс құрап, ойын жүйелі жеткізулерін үнемі қадағалап отырған жөн.


Алғашқы санау ұғымдары сәбилердің І тобына (2-3ж) бастап айналадағы заттар туралы сезім әрекетін қалыптастыру арқылы жүргізіледі.
Сәбилердің ІІ тобында «3» көлеміндегі сандарды ауызша санай білуге, сан, сана, көп, аз деген ұғымдарды түсініп айтуға заттың пішіні туралы (үшбұрыш, дөңгелек) т.б. ұғым қалыптас-тырып, көп заттың ішінен танып көрсетуге үйренеді.
Естиярлар тобында санау ұғымдары кеңейтіле түседі. Бұл топтағылар 5 көлемінде тура және кері санауға үйреніп, санның натурал қатары туралы түсінік алады.
Ересектер тобында 10 көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге, көп, аз, кем, артық ұғымдарын, сандардың рет қатарын жаңылмай айтуға ауызша топтастыра білуге, түсініп айтуға үйренеді.
Мектепалды даярлық тобы балалары 20-ға дейін ауызша, тура және кері санауға, 10 көлеміндегі сандарды ауызша есептеп, есептер шығаруға өз тарапынан есеп құрастыруға үйренеді.
Математикалық лексика болып табылатын «қосу» және «азайту» әрекеттеріне балаларды дағдыландыру қажетті әрекет болып табылады.
Бүгінгі таңда арифметикалық әрекеттерді үйрету төрт сатылық кезекпен жүргізіледі.
І саты – арифметикалық әрекеттердің маңызы теориялық жинақтық негізде жүзеге асырылады;
ІІ саты – осы әрекетті барысы математикалық таңбалар мен белгілер тілінде жазуға үйретіледі.
ІІІ саты – қарапайым арифметикалық есептеу әдістері үйретіледі.
IV саты – есептерді шешу әдістері, жолдары түсіндіріледі.
«Қосу», «азайту» амалдарынм мынадай жүйеде үйреткен дұрыс.
1. Түрлі сюжетті жағдаяттарды ұғынуға дағдыландыру.
2. Әрекет таңбаларымен таныстыру. Қажетті математикалық ұғымды құрастыруға дағдыландыру.
3. Балаларды есептеу амалдарына үйрету. «Қосу» амалына үйрету барысында баланы заттар жиынын сөзбен түсіндіріп, олармен болатын әрекеттерді қолмен көрсетіп, сөзбен сипаттауға дағдыландырған жөн.
«Қосу» амалын үйрету жолдары үшін мына жағдаяттарды пайдалануға болады.
1. Тапсырма. Үстелде 3 сәбіз 2 алма бар. (көрнекілік) 3 сәбіз бен 2 алманы алып корзинаға салыңдар. Олардың барлығы қанша болатынын қалай білеміз.
Мұндағы мақсат баланы қосымша әрекетке мәжбүрлеу, зат-тың санын анықтауға итермелеу, т.б.
«Азайту» амалын үйретуде: «Маймылда алты банан болды. Ол бірнешеуін жеп қойды, сонда 4 банан қалды. Маймыл қанша банан жеп қойды? Оны қалай білеміз. Фланелеграфта бірнеше фигураларды орналастырып, жақсылап көріп алыңдар. Қанша фигура барын есте сақтаңдар. Енді көздеріңді жұмып, ашпаңдар: (2 фигураны алып тастап! Не өзгерді? деп сұрау (балалардың зейінін қанша фигура қалғанына емес, педагог қандай әрекет жа-сағанына аудару. Менің қанша фигура алып тастағанымды қалай білдіңдер. (5 еді, 3 қалды, екеуі алынды 5-3=2)
Дұрыс енді тағы көз жұмайық:
Не өзгерді. Дұрыс, барлық фигура алынды. Енді балалар әр санға сәйкес таяқша қоямыз.
Балалар мына фигуралардың ішінен өзгелерге ұқсамайтынын тауып көремін, дұрыс 1 үшбұрыш бөлекше, қалғандары бірдей.
Суретті пайдаланып есептер құрастыруға үйрету керек. Оның нәтижесін табудағы ең басты мақсат баланың тілін дамыту, грамматикалық дұрыс байланыстырып сөйлеуге тәрбиелеу, көзі-мен көргенін есінде ұстап, тіл, сөз арқылы ойын айтып, ақыл-ойын дамытып, шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу.
Цифрлардың жазу алгоритмімен таныстырылады.
Балаларға арифметикалық амалдардың белгілері +, -, = , үйретіледі және (3+1=4) деген жазу оқытылады. Санның жазба түрін оқып-білу кейін сандық үлгі бойынша есептер құрастыруға жаттығуға дағдыландырады.
Арифметикалық амалдарға оқып-үйрету тәсілдері оқу бағ-дарламаларында кең түрде бяндалады.
Алғашқы кезеңде балалар қандай амал орындайтынына ойланбас бұрын есептің жауабын табады.
Балалар есептің құрылымын игеріп алысымен, оларды ариф-метикалық қосу және азайту амалдарымен таныстыруға болады. Сонымен қатар, олардың мағынасын айқындап ашуға және тұжырымдауға үйретуге болады. Арифметикалық амалдар жиын-дармен емес, сандармен орындалады.
Арифметикалық амалдармен таныса бастағанда, есеп шығар-ғанда балалар қосу, азайту емес деген сөздерді күнделікті қолда-нылатын мағынада қабылдайды. Есеп шартында заттардың санын арттыру немесе азайту жөнінен тұрмыста кездесетін іс-әрекеттер кездесетіндіктен, есеп шартында да сол тұрмыста кездесетін сөз-дер қолданылады:

  • сыйлады, қосты, берді, келді, қуып жетті т.б. (қосу амалында)

  • ұшып кетті, түсіп қалды, қашып кетті, кетіп қалды, тартып алды (азайту амалында).

Қосу, азайту, болады, тең болады деген сөздер адамдардың алуан түрлі практикалық іс-әрекеттерін жинақтап көрсететін ұғымдар арнайы математикалық терминдар болып табылады.
Қосуға және азайтуға берілген есептердің сұрақтарын айыра білуге балалардың назарын аударған жөн.
Педагог сұрақтарды естеріне түсіріп, оларды салыстыруды ұсынады. Екі сұрақты қайталап, олардың өзгешелігін ұғындырады.
Олар: баланы жеке тұлға ретінде, оның таным белсенділігін арттыра отырып ақыл-ойын дамыту;

  • баланың жас ерекшелігіне сәйкес білім, дағды, іскерлігін дамыту;

  • балабақшамен мектептің сабақтастығын ескерту;

Сонымен бірге мектеп жасына дейінгі балалардың қара-пайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жүйесі, оқыту әрекетінің алғашқы түрін қалыптастыру, сөздік қорын молайту негізінде байланыстырып сөйлеуін жетілдіру, ақыл-ойын дамыту, сенсорлық процестер мен мүмкіндіктерді қалыптастыру т.б. мәселелерді қарастырады.
Математикалық түсініктерді толық қамтамасыз етуді мақ-сатты іс-әрекетті ұйымдастыруда тәрбиеші таным белсенділігін арттыратын деңгейде ұйымдастырып, оны шешудің жолдарын қарастырады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру про-цесінде түрлі дидактикалық құралдар қолданылады. Олар:

  • дидактикалық материалдар жиынтығы;

  • балалардың өз бетімен ойынын жабдықтау;

  • тәрбиешіге арналған әдістемелік құралдар;

  • қарапайым математикалық түсініктер жөнінде дидакти-калық ойындар мен жаттығулар;

  • балаларды мектепке даярлауда мектептегі математиканы оқуға отбасы жағдайында оқу-таным белсенділігін арттыратын еңбектер, нұсқаулар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет