А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет34/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Балаларда кеңістікті бағдарлау түсініктерін қалыптастыру ерекшеліктеріне сипаттама.

  2. Кеңістікті бағдарлау түсінігінің мазмұны мен міндеттерін талдау.

  3. Оқулық бойынша кеңістікті бағдарлау тақырыбының басты мазмұнына сипаттама беру.

КЕҢІСТІКТІ БАҒДАРЛАУ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАЙ БІЛУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Қоршаған ортаның бейнелеу генезисі – мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістік ұғымдарын қалыптастырудың ғылыми негізі. Бұл жұмыстың негізгі міндеті – кеңістікті бағдарлаудағы сезімдік тәжірибені жетілдіру және осы негізде ұғымдық – логи-калық форманы қалыптастыру.


Мектеп жасына дейінгілерде кеңістік ұғымдарын қалыптас-тыруда мына мәселелерге баса көңіл аудару керек.
1) «өзіне қатысты» алғанда бағдарлану, «өз тұлғасы кескін-демесін» меңгеру;
2) «сыртқы объектілер» бойынша бағдарлану, нәрсені әр қырынан байқау; алдынан, сыртынан, жоғарыдан, төменнен, қырынан;
3) негізгі кеңістік бағыттарды сөздік жүйе бойынша ажы-рату, алға – артқа, жоғары – төмен, оңға – солға;
4) «сырттан», «өзінен жырақта» деген кеңістік ұғымдардың маңызын ұғындыру;
5) кеңістіктегі өзінің орнын түсініп, өзін-өзі бағдарлауы;
6) белгілі бір заттарды бір-біріне қатысты алғанда бағдарлау;
7) жазықтықта, екі өлшемді кеңістікте бір-біріне қатысты алғанда заттардың кеңістікте орналаса білуін сипаттау.
Ең кішкентай балалардың кеңістікте бағдарлай білуі ең алдымен өз денелерін атап, өз денелерінің бағытын ажырату арқылы кеңістікте бағдарлай бастайды: алда – мұнда, бетім алға қарап тұрған жақ, артта – арқам бар, оң жақ – оң қолым тұрған жақ, сол жақ сол қолым тұрған жақ, т.б.
«Өз денесі» бойынша бағдарлау нәтижесінде заттардың орнын анықтай бастайды. Жоғары топ балаларын кеңістікте бағдарлану қабілеттері қалыптаса бастаған соң жол жүру ережесін меңгерте бастаудың маңызы бар: тротуардың қай жолымен жүр-ген дұрыс, жолдан қалай өту керек, тұрған көлікті қалай айналып өту керек. Бұл ережелерді, яғни алгоритмдерді меңгеру ең алды-мен «оң» және «сол» ұғымдарын дифференциялаумен тығыз бай-ланысты.
Оқыту процесі кезінде балалар кеңістік қатынастарды білдіретін ұғымдармен тереңірек таныса бастайды. Сөз таптарын дұрыс қолдануды меңгереді, осының нәтижесінде бала өзінің се-зімдік тәжірибесін ұғына бастайды. Баланы үш өлшемді жазық-тықта ғана емес, тегіс бетте, екі өлшемді жазықтықта бағдарлануға да дағдыландыру қажет. Мектепалды даярлық кезінде баланың ақ қағаз бетінде бағдарлана білуіне мән берілуі керек, өйткені қағаз бетінде кеңістікті ажырату бала үшін қиынға соғады. Көп балалар кейін мектепке келгеннің өзінде қағаздың оң жағы кәне, сол жағы кәне, жоғарысы не төмені қайсы екенін ажырата білмей жатады. Бұл жағдайды баланы сабақ барысында көп жаттықтырған жөн. Ең алдымен басты кеңістік ұғымдар болып табылатын ортасы, нақ ортасы, оң жағы, сол жағы, жаны жоғарғы бұрышы, шекті т.б. ұғымдармен таныстырып, оның мәнін ашып айту керек. Тиімді әдістердің бірі «көру диктанты» болып саналады. Бастапқы кезең-де бала өрнектің дайын композициясын қарап, оны тексеріп, жа-дында сақтап, үлгі бойынша есте сақтап, қайтадан құрастыруды үйрене бастайды, немесе ауызша нұсқау арқылы, бала құрасты-руды меңгере бастайды. Педагог ауызша нұсқау бергенімен, үлгі ретінде ешнәрсе де көрсетпейді. Мысалы: ақ қағаздың ортасына сегізбұрыш салуы қажет. Кейін, балалар алған тәжірибесі бойын-ша өз бетінше геометриялық фигуралардан өрнек құруды игере бастайды.
Сондай-ақ, цифрлардың көмегімен де ақ қағаз бетінде кеңіс-тікпен таныстыруға болады: қағаздың ортасына 5 цифрын, оның оң жағына 6, сол жағына 2 цифрын, оның үстіне 4, төменгі жағына 1 цифрын қоюды ұсынуға болады. Дидактикалық ойындардың көмегімен де қағаз кеңістігін меңгертуге болады. Геометриялық фигуралар және кеңістік ұғымдарды тиянақты меңгере бастайды.
Балалардың кеңістік ұғымдарын дамытуға бағытталған жұмыстардың түрлі бағыттары бар:
- түрлі заттардың бір-біріне қатысты алғандағы кеңістік қатынастары;
- оларды балалардың ажырата алуы және лайықты термин – сөздермен айта білуі;
- нақты бір затқа қатысты алғандағы кеңістік ұғымдары;
- бағдарлай білудің, қарапайым дағдыларынан дидактикалық ұғымдарды меңгеруге ауысуы;
- кеңістік қатынастарды шартты өлшеу әдістерінен, көз мөлшері не оймен өлшеу әдістеріне ауысу;
- балалардың нақты кеңістік қатынастары туралы білімдерін жалпылау;
Мектепалды даярлық кезеңінде балаларды кеңістікті бағдар-лауға үйретуде қойылатын басты талаптар осылар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет