А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет32/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Геометриялық фигура туралы жалпы сипаттама.

  2. Практикалық жұмыс. Геометриялық фигура түрлері, қасиеттері, негізгі белгілері.

  3. Логикалық ойларын дамытуға арналған жаттығулардың маңызы тақырыбына реферат жазу.

  4. Геометриялық фигура түрлері, қасиеттері, негізгі белгілері.



ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР ТУРАЛЫ ҰҒЫМДАРЫН БЕКІТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Математикадағы натурал сандар сияқты геометриялық фигу-ралар туралы тарихи ұғым болып саналады. Геометриялық фигу-ралар деп тұтас қаралады, оларды бір-бірінен сыртқы формасына қарап ажыратады. Мектеп жасына дейінгі балаларға тек геомет-риялық фигуралардан дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш қалпында таныстырылады. Оларды күнделікті тұрмыстағы заттармен салыс-тыра отырып, түсіндіреді. Геометриялық фигураларды бір-бірінен дұрыс ажырата білуге балалар сабақ барысында, күнделікті тұр-мыста, ойын әрекеті барысында ажырата білуге жеткізу көзделеді. Шар, дөңгелек т.б. ұқсас фигуралар екенін, оларды басқа фигура-лардан бөлек алып ажырату жүзеге асырылады. Геометриялық фигуралар түрлері, олардың бір-бірінен ажырату жүзеге асыры-лады. Геометриялық фигуралар түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылығы жөніндегі түсінік қалыптастырылады.


Қоршаған ортадағы, болмыстағы заттардың негізгі бір қа-сиеті оның сыртқы формасы болып табылады. Заттардың форма-лары геометриялық фигураларда жалпы белгілемеге, үндестікке ие. Нақты бір заттардың формасы мен оның бөліктерін анықтауды геометриялық фигуралар адам үшін эталон болып табылады. Балаларды геометриялық фигуралармен таныстыруды 2 аспектіде қарастыру дұрыс: қоршаған ортадағы формаларды сенсорлық қабылдаудағы нысан ретінде және қоршаған заттардың формасын анықтаудағы эталон ретінде, сонымен қатар олардың құрылымы-ның негізі құрылу заңдылықтарын, қасиеттерін, түзілуін анықтау мақсатында.
Балаларды геометриялық фигуралармен қалай таныстыру қажет әрі түрлі кезеңдерде қалай және неге оқыту қажет деген сауалдарға жауап беретін болсақ, ең алдымен балалардың сенсор-лық қабылдау сияқты психологиялық ерекшеліктерінің нақты бір жас кезеңдегі қалыптасу және даму заңдылықтарын біліп алу қа-жеттілігі сөзсіз. Кейін балаларды геометрия ұғымдарын дамыту барысында, балаларды геометриялық фигураларды ойлауын да-мытудан, яғни форманы сезімдік қабылдаудан, оны біртіндеп логикалық түйсінуге жеткізу керек.
Тіпті әлі емшектегі нәрестенің өзі сүт ішетін емізікті сүт құйылған бөтелкесінің сыртқы формасын ажыратады, көп бөтел-келердің ішінен таниды. Ал, бір жастың аяғына таман өзі қорша-ған көптеген заттарды ажыратып, өзіне қажетін ұстайды. Бала заттың сыртқы контурын қабылдайды. Сенсорлық қабылдауда заттың тек сыртқы контурын қабылдамай, біртіндеп соған ұқсас заттарды ажыратуға да дағдыландыру қажет.
Бала қай кезден бастап геометриялық фигураларды ажырата алады деген сауалға келетін болсақ. Осы мақсатта Л.А.Венгер эксперимент жұмыстарын жүргізген болатын. Эксперимент жұ-мыстары нәтижесінде бала 3-4 айдан бастап сыртқы форманы ажырата алатындығы айқындалды. Өйткені, бала үнемі өзіне та-ныс заттардың ортасына жаңа зат қосқанда, әсіресе осы жаңа затқа көбірек назар аударатындығы анықталды. Бұл осы пікірдің нақты айғағы бола алады. Ал 2 жастан бастап үлгі бойынша ұқсас фи-гуралар ішінен қажеттісін бөліп алады. Мысалы: шаршы – тік төртбұрыш, тікбұрыш – үшбұрыш.
Ал осы ұқсас фигураларды бала 2,5 жастан бастап ажыра-тады. Күрделірек формаларды 4-5 жастан ажырата бастайды. Күрделі фигураларды жасауды 5-6 жастан бастап қолға алады.
Бастапқыда бала өзіне таныс емес, фигураларды кәдуілгі қоршаған зат ретінде қабылдаса, мысалы: цилиндрді – стақан, ба-ған, доғалды – жұмыртқа, үшбұрышты шатыр, парус, төртбұ-рышты – терезе сияқты деп қабылдайды. Үлкендердің басшылы-ғымен және үйретуімен заттардың формасы анықтала бастайды. Біртіндеп геометриялық фигуралар заттардың формасы анықтала-тын эталон ретінде қабылданады (доп, алма – шар, тәрелке, дөңгелек табақ – дөңгелек, бет орамал – шаршы т.б.).
Балалардың заттардың сыртқы формасын қабылдауы, сөзбен бейнелеуі жүйелі оқыту нәтижесінде бірізге түсері сөзсіз. Т.Игнатованың зерттеулері бойынша 4 жастағы балалардың 90% қалтадағы жасырылған заттарды ажыратқан және атаған.
Геометриялық фигураларды аналитикалық қабылдап, олар-дың басты ерекшеліктерін ажырата біліп, қасиеттерін сезініп, оның негізгі құрылымдық элементтерін тануға, мәнді белгілерін ашуға көмектеседі.
Кішкентайлар тобында геометриялық фигуралармен таныс-тыруда дидактикалық материалдар пайдаланылады. Бұл топта геометриялық фигуралар өлшемдері әртүрлі және түрлі – түсті болып келеді. Геометриялық мозайкалар қолданылады. «Бұл не», «Ғажайып дорба», «Не жоғалғанын тап», «Өз үйіңді тап», т.б. ди-дактикалық және қимыл-қозғалыс ойындары түріндегі жаттығулар қолданылады.
Дидактикалық ойындарда әсіресе, квадрат, үшбұрыш дөң-гелек қолданылу керек.
Балаларды заттардың формасын көріп, топтай білуге үйрету қажет.
4-5 жаста оларға таныс фигураларға куб, шар мен цилиндрді қоса үйрету қажет. Балалар бір нәрсені құрастыру кезінде осы фигураларды пайдалану ұсынылды.
Бұл кезде әсіресе дидактикалық материалдардың маңызы зор: топтағы көрнекі материал 2 түрлі болуы тиіс: бүкіл топқа көрсетуге арналған ірі және балалардың үстел үстінде жұмыс жасауы үшін арналған ұсақ демонстрациялық материал.
Балаларды геометриялық фигураларды салыстыру үшін қажет ұсақ ойыншықтар жиынтығы болу қажет.
Нақты көрнекіліктерге келсек кішкентайлар тобында әр ба-лаға арналып өлшемі әр түрлі және түрлі материалдардан жасалған геометриялық фигуралар жиыны: квадрат, тік төртбұрыш, әр түрлі үшбұрыштар, ромб, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш, дөңгелек, овал т.б. болу керек.
Кішкентайлар тобындағы міндет фигуралармен және олар-дың атауларымен таныстыру. Ересек балалар тобы мен даярлық топта – фигуралардың қасиеттерімен таныстыру, формасы, өлшемдері және түсі бойынша модельдер жиындарын топтау қа-растырылады. Сонымен қатар, фигуралардан нақты заттарды құрастыру қарастырылады.
Дидактикалық материалдар үшін – геометриялық ірі фи-гуралар жиынтығы кіші фигуралар жиынтығы, көлемді фигуралар жиынтығы.
4-5 жастағы балаларды квадраттың, тік төртбұрыштың, дөң-гелектің, сонымен қатар үшбұрыштың қасиеттерімен таныстыруға болады. Геометриялық фигуралардың бұрыштарымен танысты-руға болады.
Балалардың геометриялық фигураларды қабылдау ерекше-ліктеріне орай геометриялық фигуралар формаларын дұрыс зерт-теу тәсілдерін ерте жастан үйрету қажет; олардың қарапайым қасиеттерін көре білу қабілетін дамыту керек, геометриялық фигураларды алуан түрлі белгілері (формасы, өлшемі, түсі) бойынша топтай білуге үйрету керек.
Сабақ процесінде, бейнелеу іс-әрекеті, құрастыру әрекеті барысында геометриялық фигуралардан нәрселердің модельдерін құрастыруға, олардың құрылымын 1, 2 вариантпен өзгерте білуге үйрету қажет.
«Көшеде жүру ережелері» атты дидактикалық ойын арқылы геометриялық фигуралар түсіндіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет