Табиғи түрде қоршаған ортаның қолайсыз, адам көнгісіз жағдайлары кез келген уақытта барлық цивилизацияларға әсер етіп отырған. Тіпті, табиғат әсеріне шыдамай, жауап бере алмай жойылып кеткендер қаншама. Адами әсерлер көрші жоғары дамыған цивилизациялардың басқа әлсіз өркениеттерге әсер етуімен болады. Дамыған өркениет көршісіне әсер етпеуі мүмкін емес. Немесе тарихтан байқайтынымыздай жабайы, көшпенді, варварлық тайпалардың өркениет дамуына қалай үлес қосқанын айтуға болады. Табиғи әсер еткен цивилизацияларға мысал ретінде келтіреді: «Природная среда может быть причиной зарождения таких типов цивилизаций, как «речная» – египетская, шумерская и, возможно, индуистская: «нагорная» – андская, хетская, мексиканская; «архипелагского» типа – минойская, эллинская и дальневосточная в Японии: «континентального» – китайская, индская и православно-христианская в России – или «лесного» типа – цивилизация майя»( А.Тойнби, «Постижение истории», 76бет). Күшті мемлекеттер стимулына Тойнби арасында бір күшті, дамыған өркениеті бар цивилизациялар қатынасын алға тартады: Аттика мен Беотия; Византия мен Халкедон; Израиль, Финикия мен Палестина; Рейн ауданындағы Бранденбургтер; Шотландия мен Англия секілді. Бұлардың ішіндегі бір күштісі әлсіздеуіне әсер етіп оның жойылуын не жақсы жауап беріп дамуына ат салысады. Кейде соққы стимулы болады. Ол бір өркениет басқасына күшті соққы берген кезде оның жойылуын, ал өзінің қарыштап дамуын тудырады. Оған мысал ретінде: «Классическим примером стимулирующего действия удара является реакция Эллады, и в частности Афин, на нападение в 480-479 гг. до н.э. империи Ахеменидов – сирийского универсального государства»( А.Тойнби, «Постижение истории», 89бет) келтіреді. Қысым стимулы үнемі соққы берумен жүреді. Әсіресе жағалаулық, айқын жерлерде орналасқан өркениеттер қысым әсеріне көп түседі. Оған, Осман өркениетін, Австрияны, Англия мен Қытайды көрсетеді. Ал, орталыққа таман, қорғанышта орналасқан елдер, жағдай жақсылығынан дамуы әлсіз жүреді. Келесі стимул, әсер ретінде таптау,