алтын белдеу(Золотая середина) ұғымын енгізсек болады. Ылғи күшті, қатал стимул дамуды тудармайды. Осы алтын белдеу туғанда ең күшті стимул ол өркениеттің төмендеуін, құлдырауын қалыптастырады. Алтын белдеу әртүрлі жағдайларда болады. Кейде, өте күшті стимул, мықты дамыған өркениетті де жоя алады, немесе өркениеттің өзінің әлсіреуі. Дамуға, жақсы жағдайға үйренісіп алып, тұшымды жауап бер алмай қалады. Викингтер мен кельттер өркениеті осындай жағдайға ұшырады да дамымай қалған цивилизациялар қатарына қосылып кетті. «Все задержанные цивилизации потерпели фиаско, пытаясь преодолеть возникшие препятствия рывком. Это были ответы на вызовы того порядка суровости, который характеризует саму границу, пролегающую между позволительной силой стимула и той степенью этой силы, за которой начинается действие закона «снижающих возвратов».(А .Тойнби, «Постижение истории», 121бет)
Цивилизация қалыптасқаннан кейін, мейлі аналық цивилизациядан, мейлі қарапайым, примитивті тұрғыдан мутация арқылы қалыптассын, барлығы адам өмірі секілді өмір сүре бастайды. Ол дамиды, даму шегінен асқан соң немесе толық дамып үлгермей құлдырау сатысына өтеді, одан кейін жойылу кезеңі. Барлық өркениет осы кезеңдерден міндетті түрде өтеді. Кейбіреуінің өмір жолы қысқа болса, кейбіреуі әлі күнге шейін сақталып келеді. Цивилизациялар дамуын айтпас бұрын Тойнби даму сатысына жетпеген, дамымай, бірқалыпты өмір сүрген цивилизацияларды айтып өтеді, «Может показаться, что раз цивилизация возникла, то ее рост — дело, само собой разумеющееся. Однако это не так, как свидетельствует история некоторых цивилизаций, достигших своего уровня, но впоследствии не сумевших вырасти»(А .Тойнби, «Исследование истории», 166бет) . Олар: спарталықтар, көшпенділер, полинезиялықтар, эскимостар, османдықтар. Полинезиялықтар аралдан аралға көшіп жүргендіктен дамудың орнына үнемі қарапайым, примитивті формаға ауысып отырды. Ал, эскимостар «...достигли необыкновенно искусного и специализированного годового цикла, приспособленного к жизни на берегах Арктики.»( А .Тойнби, «Исследование истории», 166бет). Османдықтар мен көшпенділер көшпенді, жартылай отырықшы салтты ұстанғандықтан даму процесі жүретіндей мардымды стимул бола алмады. Бұл дамымай қалған өркениеттерге сыртқы әсер күшті мен өте күштінің ортасында, аралық әсер болды. Ол не дамытуға не құлдыратуға әкеп соқтырмағандықтан, бірқалыпты өмір сүрді.
Дамуға әсер ететін сыртқы әсер-