Тектоникалық картада қазіргі қөрінісіндегі жер қабыршағының даму тариыхы туралы ақпарат беріледі. Картаны құрастыру кезінде тектоникалық аумақтардың негізгі ерекшеліктері қосылып көрсетіледі: қазіргі құрлымның морфологиясы және оның пайда болу тарихы.
Ұсақмасштабты тектоникалық карталарды құрастыру бойынша жалпы қабылданған нұсқаулар жоқ. Кешенді атластардағы жеке тектоникалық карталарда аумақты бөлуі үшін негізгі көрсеткіш ретінде қатпардың жасы және тектоникалық режим саналады. Сонымен қатар, картада жер қабыршағының даму кезеңдердің ауыспалы уақытша деңгейлері көрсетіледі.
Жеке тектоникалық картаның легенда құрастылуын қарастырайық. Бұндай картаның легендасында тектоникалық құрлымдардың негізгі екі категориясы ерекшеленеді: әртүрлі жастағы қатпарлы аудандар мен платформалар. Бұл құрлымдық категорияларды көрсету үшін легенданы екіге бөледі, оларға картографиялық бейнелеудің әртүрлі әдістерін қолданады.
Ішкі құрлым мен қатпарлы аудандардың дамуын геосинклинальды аудандардың негізгі кезеңдерінің дауына және олардың қатпарлы жүйелерге айналуына жауап беретін құрлымдар кешендері мен қабаттардың ажыратуы арқылы көрсетеді. Барлық геосинклинальды циклге сәйкес келетін құрлымдық кешендер құрлымдық қабат мен қабатшаларға (этажи, подэтажи ) бөлінеді. Әрбір қатпарлы аудан ішінде антиклинальды құрлымдардың ядросында тас кесегі немесе блок ретінде ежелгі массивтер көрсетіледі. Соңғы (жас) құрлымдар элементтері де - тау арасындағы ойпаттар мен шеткі ойыстар – анықталады. Қатпарлы аудандардың негізгі қасиеті – бұл тектоникалық зоналығы. Тектоникалық зона әрбір қатпарлы белдемнің тектоникалық дамуын және ерекше құрлысын көрсетеді.
Тектоникалық карталарда әртүрлі қатпарлы аудандарды көрсету үшін сапалы фон (түрлі-түсті) пайдаланады. Байкал қатпары көк түспен, каледон – ақшыл көк, варисций – қоңыр, альпі – сары-қызыл сары түстермен беріледі. Ежелгі мегахрондардың қатпарлы аудандарын көрсеті үшін карминді және қызыл түстепр қолданылады.
Әртүрлі жастағы қатпарлы аудандар үшін әріптер индексі қолданылады: Байкал – В; Каледон – С; Варисций, герцин – V; Альпі – А.
Қатпарлы геосинклиналь құрлысында бірнеше құрлымдық қабаттар ажратылады. Әрбір қабат қатпар дауы белгілі бір кезеңіне жауап береді және құрлымдық келіспеушілікпен бөлінеді. Құрлымдық қабаттарға бөлінбеген участкілер сол қатпарға сәйкес келетін қою түспен және әріп индексімен көрсетіледі. Төменгі құрлымдық қабат – қою түсті, орташа және жоғарғы қабаттар – ақшыл түстермен. Әріп индекстері қосымша сандармен көрсетіледі: 1- төменгі қабат, 2- орташа қабат, 3- жоғарғы қабат. Мысалы, А3 – альпі қатпарының төменгі құрлымдық қабатының жоғарғы қабатшасы.