А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет7/32
Дата16.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#68308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Бақылау сұрақтары:

  1. Геологиялық карталар қандай түрлерге бөлінеді?

  2. Геология карталарының мазмұнына не кіреді?

  3. Картаны құрастыру, безендіру принциптері қандай?

  4. Геология карталарын құрастырудағы қолданатын жаңа әдістер?

  1. ТЕКТОНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ НЕОТЕКТОНИКАЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ



4.1 Карталар түрлері, олардың маңызы

Тектоникалық және неотектоникалық картогарфиялау геологиялық картографиялаудың негізгі бірі түрі. Көп уақыт тектоникалық схемалар қосымша маңызда болған. ХХ ғасырда тектоникалық картографиялау геологиялық картографиялаудың жеке саласы ретінде бөлініп кетті. Тектоникалық карталар жер қыртысының тарихын қазіргі кездегі түрін көрсетеді. Тектоникалық картографиялаудың негізгі көрсеткіштері ретінде қатпарлар жасы мен тектоникалық режим саналады. Жаңа тектоника карталары неоген-төрттік уақыттағы тектоникалық қозғалыстардың дамуын көрсететді.


Тектоникалық карталардың арасында жеке тектоникалық, құрлымдық, құрлымдық-формациялық, геодинамикалық және басқа да арнайы карталар ажырытылады.
Жеке тектоникалық карталар әртүрлі принциптер бойынша құрастырылады: қатпарлану жасы, аймақтардың құрлымдық типтері, континетті қабатының түзілу уақыты бойынша және литосфера плиталарының тектоника теориясы негізінде.
Жеке тектоникалық карталардың негізгі түрі болып тау түзілу процесіне сәйкес келетін басты қатпарлардың жасы бойынша құрастырылған караталар саналады. Карталарда әртүрлі жастағы (байкал, каледон, герцин және т.б.) қатпарлар ауданы көрсетіледі; аумақтың ішкі құрлысы құрлымдық қабаттар арқылы беріледі. Осындай әдіс негізінде Н.С.Шатский (М., 1953; 1956) редакциясымен 1:4 000 000 және 1:5 000 000 масштабты КСРО-ң алғашқы тектоникалық картасы және кешенді аумақтық атластардағы карталар құрастырылды. Н.С.Шатский картаның мазмұыны негізделетін геологиялық формациялар туралы ғылымға үлкен үлесін қосты. Бұл ең кеңінен таралған әдіс. Н.С.Шатский басшылығымен «Еуропаның халықаралық тектоникалық картасы» (1964) алғашқы рет құрастырылды.
КСРО ҒА Геология институтында А.В. Пейзе басшылығымен континетті қабыршағының түзілу уақыты бойынша тектоникалық аудандастыру принципі құрастырылды. Оны 1:5 000 000 (1980) масштабты Солтүстік Еуразияның тектоникалық картасында қолданды.
Шельф және шеткі теңіздердің геология-геофизикалық мәліметтерін жалпылау үшін акватория және қасындағы құрлықтар бойынша тектоникалық карталары құрастытырылуда. В1995-1998 жж. РҒА шеткі және ішкі теңіздер литосферасы Институтында көптеген мекемелермен бірге Еуразия теңіздерінің текториникалық карталары жасалды. Карталар литосфера плиталары тектоникасының теориясына негізделді.
Сонымен қатар, тектоникалық аудандастыру карталары құрастырылуда. Атластарда негізгі карталарға тектоникалық аудандастыру картасын қосып береді. Қарапайым жағдайда – бұл қатты жалпыланған тектоникалық карта, онда негізгі геоқұрлымдар, антиклинорий және синклинорийлер өстері, ірі құрлымдардың түрі, басты жарылымдар көрсетіледі. Мұндай карталарда сондай-ақ, ірі тектоникалық аудандарда көрсетіледі. Аудандастыру схемасы мазмұныны бойынша басқаша да болуы мүмкін, мысалы, мұнай-газ аймақтарының ерекшеліктерін көрсететін карта.
Құрлымдық карта тектоникалық құрлымдардың морфологиясын толығымен көрсетеді, жыныстардың жасы көрсетілмейді немесе қосымша маңызда болады. Бұндай карталардағы негізгі бейнелеу әдіс- изосызықтар.
Құрлымдық-формациялық карталар мен формация карталары геологиялық формациялардың кеңістіктегі таралу тектоникалық заңдылықтарын көрсетеді.
Жер қыртысы немесе оның участкелері дамуының түрлі кезеңдері мен деңгейлерінің тектоникалық жағдайы палеотектоникалық карталарда көрсетіледі, олар аумақтың тектоника құрлысын дәуірден дәуірге біртіндеп өзгеруін көрсету үшін атластар немесе карталар сериясы түрінде құрастырылады.
Геодинамикалық карталар: тектоникалық бірліктерге сәйкес келетін геодинамикалық жүйелерді, геологиялық денелерге әсер ететін геодинамикалық күштерді, зат құрамын, құрлымды ерекшеліктерді, физикалық жағдайды, геологиялық денелердің жасын көрсетеді.
Арнайы тектоникалық карталарға жаңа тектоника (неотектоникалы) картасы, докембрий тектоникасы, қазіргі (вертикальды) қозғалыстар, жарылыс тектоникасы, сейсмотектоникалық т.б. карталары жатады. Арнайы тектоникалық карталардың ішінен ең маңызды карта – бұл жаңа тектоника картасы.
Тектоникалық карталар тобына жататын барлық карталар практикалық маңызға ие. Тектоникалық карта жер қабыршағы құрлысы және дамуы туралы теориялық қорытындылар үшін және пайда қазбаларының таралу заңдылықтарын анықтау және қандай болсын кен орны орналасқан жерін көрсететін құрлымдарды тауып оларды болжау үшін қажет. Неотектоникалық карталар сейсмотектоника және сейсмиялық аудандау, геодезия, инженерлі геология және гидрогеология жұмыстарында, өнеркәсіп және жол құрлысында, сондай-ақ, пайдалы қазбаларының шашранды кен орындарын зерттеуде, мұнай мен газ кен орындарын іздеуде қолданылады. Сейсмотектоникалық карталар жер қабыршағы түрлі учаскелерінің сейсмикалық қарқынды деңгейін анықтау, жер сілкіну болатын жерлерді анықтау үшін пайдалынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет