А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет6/32
Дата16.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#68308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Гидрогеологиялық карталар – нақты гидрогеология құрылымдарының моделі. Жер асты суларының орналасу шарттары мен жалпы заңдылықтарын анықтайды. Мұндай карталарда сулы горизонттар мен кешендер таралуын, орналасу шарттарын, жер асты суларының көлемін, сапасын көруге болады.
Картаның легендасын құрастыру принциптерінің негізінде жер асты сулары түзілу принципінің концепциясы мен геология құрылымдық шарттар, су өткізетін жыныстардың литология құрамын тану.
Гидрогеологиялық карталардың барлық элементтерін 2 топқа бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топқа жер асты сулары таралуы мен жиналуына тікелей байланысы бар жыныстардың құрылымдық сипатын жатқызуға болады. Яғни жыныстың жасы, фациялық литология құрамы, физикалық және коллекторлық құрылым тау жыныстар қалыңдығын суға қанығу деңдегейінің сипатына байланысты формациялы суға қаныққан және қанықпаған деп бөлуге болады. Тау жыныстардың коллекторлық құрылым формациясына түрлі көлемдегі гидродинамикалық параметрлер тән. Гидрогеологияда өңделген стратификациялы шкала гидрогеологиясымен және жер асты суларын түзілу шарттарымен ерекшеленетін таксономия шкала арқылы жасалаған. 1-ші реттегі сапада құрылымды-тектоникалық эталондарға сәйкес келетін гидрогеологиялық эталондар ерекшеленеді. Олардың өзі горизонтальдарға, подгоризонтальдарға және қабаттар мен линзаларға бөлінеді. Картографиялау тобының екінші тобына жататындар жер асты суларының физика-химиялық, динамикалық жағдайлары. Жер асты сулары – көп компонентті ерітінді, бұлар түрлі геохимиялық және гидродинамикалық шарттарда түзілген.
Карта мазмұнының негізгі элементі – сулы горизонттар мен кешендер. Бұлардың өздері типтер мен кластарға бөлінеді. Жердің магмалық, метаморфтық жыныстарында кездесетін жер асты суларын көрсеткенде тау жыныстарының петрография құрамы – сулы горизонтты ерекшелеу үшін қажет.
Үстіңгі сулы кешендердің таралу ауданы мен горизонттары картада түстер арқылы көрсетіледі.


3.3 Карталарды құрастырудағы жаңа әдістер

Қазіргі кезде қандай болсын геология жұмыстарын жүргізу кезінде ара қашықтықтан зерделеу мәліметтерін пайдаланады. Олар фотографиялық және фотографиялық емес түсірілім әдістері арқылы алынады. Түрлі-түсті және әр түрлі масштабтағы суреттер жер қыртысының геология құрылысын зерттегенде, геология карталарын құрастырғанда және оларды жаңартқанда пайдаланылады.


Ғарыштық суреттерді дешифрлеу жүйелі түрде қарастырылады. Қарастырып отырған нысан элементтерінің жиынтығын кешен ретінде зерттеуге болады (3-сурет). Олардың интерпретациясы көп деңгейлі тақырыптық және түрлі масштабтағы фото талдаудың әр түрлі типтегі суреттерінде көрінеді.



3-сурет. SRTM негізінде құрастырылған карта

Геологияда ғарыштық әдістер пайдаланудың негізгі бағыттары:



    • арнайы ғарыштық геология өнімдерін жасау (ғарыш геологиялық, ғарыш тектоникалық, ғарыш минерагенді және т.б.);

    • дәстүрлі әдістер арқылы картаны толықтыру және жаңарту;

    • түрлі қазба байлықтарын іздестіру және болжау жұмыстарын жүргізу;

    • тарих пен жер құбылысы дамуымен, әсіресе, жер құрылымын тереңдікте зерттелумен байланысты жалпы геология мәселелерін шешу.

Ара қашықтықтан зерделеу дамуына байланысты жаңа ақпарат алу мүмкін және жеке аудандардың тектоника құрылыс элементтерін қайта қарастыруға болады. Ғарыштан түсірілген суреттер аймақтық және жаһандық нысандар туралы мәліметтер алуға көмектеседі. Бұл суреттердің ерекшеліктері өте жоғары, себебі, олар ұсақ масштабты көріністерді нақты түрде көрсете алады.
Шолу деңгейінің ауқымды болуы немесе видеоақпараттарды қолдану арқылы, аумақтардың даму тарихын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Көріністің нақты түрін көрсету – бұл ұсақ бөлшектерге тән. Осы екі факторға байланысты дешифрлеудің сапасы артады, яғни, бұрын белгісіз болып келген жарылым, сақиналы құрылым және қозғалмалы зоналар жүйесін анықтау мүмкіншілігі пайда болады.
Ғарыштан алынған геология ақпараттарын зерттеуде түрлі деңгейде жалпыланған суреттер пайдаланылады. Себебі, әрбір масштабқа ерекше геологиялық ақпараты тән. Осылай континентті деңгейдегі жалпылау суреттері ірі аймақты жер қыртысының негізгі құрылымдық геология ерекшеліктерін, тектоникалық аудандастыруын анықтайды.
Аймақтық деңгейдегі суреттер ірі аймақтардағы құрылым блоктары құрамын зерттеуге мүмкіндік береді.
Жергілікті деңгейдегі суреттерде геология құрылымның барлық элементтері көрсетіледі. Ғарыштық ақпаратты пайдалануда геологиялық картографиялауда геология көріністері анық көрсетіледі.
Ғарыш суреттерінің геология интерпретациясының негізгі мәселелері арқылы келесі мәселелерді зерттеуге болады:

  • тау жыныстардың литология-петрография бөлінуі. Мұнда ауданды геология, тектоника құрылымдары, яғни морфология жағдайлары, элементтік құрылымдардың өзара байланысы айқын көрінеді;

  • төрттік шөгінділер генетикалық таралу заңдылықтары, олардың шекаралары, қазіргі түзіліп жатқан шөгінділер көрсетіледі;

  • қазіргі геология үрдістерін (сейсмикалық, жанар таулық);

  • жер қабатында пайдалы қазбалардың таралуымен (жер асты суларын қосқанда) олардың жер қыртысы құрылымдарымен байланысын;

  • мазмұнды геология карталарын құрастыру және жаңарту.

Ғарыштық суреттердің көмегімен ұсақмасштабты және геология карталарын құрастыру және жаңарту барысында суреттерде жарылым аумақтарын, олардың ішіндегі негізгі қатпарлы қабаттардың шекараларын, интрузивті жыыныстарды және олардың өзгеруін байқауға болады.
Барлық аудандарда төрттік шөгінділерді картаға түсіру кезінде суретте түрлі генезистегі шөгінділер таралу ауданы көрінеді. Тәжірибе жүзінде ұсақ масштабты төрттік шөгінділер картасының барлық контурлық бөлігі ғарыштық суретті дешифрлеу жолымен алынған.
Тектоника карталарын құрастыру кезінде аймақтың тектоникалық аудандастырылуы назарға алынады. Бұндай жағдайда ірі жарылымдар көрінісі жақсарады. Олар морфология және құрылымдық жағынан дифференциациаланады.
Ғарыштық суреттер көмегімен бірден аймақтық тектоникалық сұлба жасауға болды. Содан кейін масштабтың ұлғаюынан әуесуреттерге көштік. Жаңа тәсіл бойынша жұмыс істеу барысында бұзылған, жарылған жағдайларға көп көңіл бөлінеді. Олар тек эндогенді жағдайды ғана бақылап қоймай, сондай-ақ, шөгінділердің түзілу аумағын бейнелейді.
1978 жылы шыққан б.КСРО мемлекеттерінің 1:2 500 000 масштабтағы жарылымдар картасы ұсақ масштабты ғарыштық суреттер негізінде жасалған.
Геологияда ара қашықтықтан зерделеудің жаңа түрі бұл - фотографиялы емес жаңа түсірілімдердің дамуы. Мысалы, қазіргі кезде инфрақызыл түсірілімдер арқылы жердің белсенді түрде жанартау атқылайтын аймақтарын, тереңге кеткен жарылымдарды анықтауға болады.
Ғарыштық ақпараттар негізінде және де геология мәліметтері негізінде, аумақ зерттеунің жаңа түрі дамып келеді - ғарыштық фотогеометрия. Ол мемлекеттік геология түсірілімдерге негізделіп 1:2 500 000 – 1:1 500 000 дейінгі масштабта жасалынады.
Жалпы фотографиялық фонды картада, суретте дешифрленетін негізгі нысандар көрсетіледі. Олардың негізгі элементтері – тау жыныстарының құрамын, олардың тектоникалық позициясы мен орналасу шарттарын көрсету. Ғарыштық фототектоникалық карталар геология негізінде жасалынады. Кен орындары мен ғарыштық геоқұрылымдық нысандар арасындағы байланыс негізінде арнайы ғарыштық минерагендік карталар пайда болды. Бұл карталар зерттелген аумақ үшін өте қажет.
Ғарыштық суреттерді геология мақсатта дешифрлеу жақсы дамыған және әдебиеттерде сипатталған. Мысалы, бедер типі тау жыныстардың индикаторы болып есептелінеді. Индикаторлар болып өсімдік жамылғысы да саналады. Оның ішінде флористикалық индикаторлар кеңінен таралған. Мысалы, геологиялық жағдайға бейімделу ерекшелігі мен өсімдіктердің түрлі литологиялық- гидрологиялық шарттарға бейімделуі.
Соңғы жылдары геология картографиялауда автоматизациялау және компьютеризациялау әдісі, сонымен қатар, геологияның әртүрлі салаларына геоақпарттық технологиялардың енгізілуі дамып келеді.
Қазіргі кезде геологиялық картографиялаудың міндеттері келесіден тұрады:

  • салалық геология және халық-шаруашылық міндеттерін шешу мақсатта геология карталарының мазмұнын нақтылау;

  • әртүрлі геологиялық мазмұндағы және геоақпарттық технологиядағы карталарға сәйкес картографиялық жалпылаудың теориясы мен әдісін құрастыру;

  • әуеғарыштық суреттерді және компьютерлі технологияларды қолдана отырып әртүрлі геологиялық карталар жасау әдістерін құрастыру және жетілдендіру;

  • компьютерлі технологияны қолнада отырып картаны құрастыру және оны өндеу негізінде картографиялық дизайнді жетілдендіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет