Негізгі әдебиеттер. 1.Педагогика. Дәріс курсы. –Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003. –368 бет. 2.Педагогика. Лекциялар курсы. /Ред. басқарған Б.Р.Айтмамбетова, А.А.Бейсенбаева. –Алматы, 1991. 3.Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. –Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕАУ, 1998. –378 бет. 4.Байжанова З. Жалпы педагогика: [жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы].-Алматы:Таймас. -2008. -167. 5.Подласый И.П. Педагогика. –М.: ВЛАДОС, 2000. Кн. 1. Процесс обучения. С.543-556.
Студенттердің өздік жұмыстары.
1.Мектеп бағдарламасына сай белгілі бір пәнге негіздеп бір тақырып бойынша оқушылардың білім, білік, дағдысын тексерудің диагностикасын құру.
2.Оқушылардың білімдерін бағалау процесінде кездесетін формализмді жоюдың жолдарына ұсыныс әзірлеу.
3.Мұғалімнің оқушылардың оқу-таным еңбегін бағалаудың басты өлшемдерін анықтап, кесте арқылы сипаттау.
4.Оқыту процесі сапасына педагогикалық бақылаудың құрылымдық-мазмұндық моделін құру.
Бақылауға арналған сұрақтар.
1.Оқыту процесінде білімді тексеру, бақылау және бағалаудың маңызы қандай?
2.Оқу-тәрбие жұмысынының нәтижесін есепке алу және бағалаудың түрлері және әдістері қандай?
3.Сіздің көзқарасыңызша оқушылардың білім, білік, дағдысын бағасыз бақылап, тексеруге бола ма?
4.Бір жолғы жауап үшін баға қоюдың, тоқсандық бағалау мен емтиханда баға қоюдың қандай айырмашылықтары бар?
5.Оқыту процесінің қандай кезеңдерінде білімді тексеру қолданылады? Олардың түрлері қандай?
6.Мұғалім бақылау жұмысын жүргізгенде қандай педагогикалық ұсыныстарды ескеруі тиіс?
7.Білімді тексеруде және бағалауда күнделікті байқау қандай рөл атқарады?
8.Мұғалімдер баға қоюда қандай кемшіліктер жібереді?
9.Педагогикада білімді тексеру және бағалау саласында жете айқындалмаған қандай мәселелер бар?
10.Білімді тексеру және бағалаудың қызметтері қандай?
11.Қазіргі кезде білімді тексеру және бағалаудағы жаңа көзқарастар бар ма? Олардың түрлері және маңыздылығы қандай?
12.Оқушылардың өздерін-өздері бағалау және оны ұжымдық танымдық іс-әрекет барысында қалыптастырудың маңыздылығы қандай?
14.Педагогикалық процесті рейтинг жүйесі арқылы бақылаудың маңызы қаншалықты?