13-тақырып.Мектепті басқару және оған басшылық жасаудың педагогикалық негіздері. Педагогикалық мененджмент. Мектептің біртұтас педагогикалық процесі - әкімшілік басқарудың объектісі. Мектеп жұмысын басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Мектептің Жарғысы – мектепті басқару және басшылық жасау жүйесін айқындайтын негізгі құжат. Мектептің оқу-тәрбие жұмысына басшылық жасаудың формалары мен тәсілдері. Мектеп жетекшілері және олардың қызметі. Мектеп жетекшілеріне қойылатын талаптар. Педагогикалық кеңес. Мектеп жұмысына бақылау жасау. Мектепішілік бақылау. Мұғалімдер және оқушылар әрекеті - басқару нысанасы ретінде. “Мұғалім-оқушы”, “сынып жетекшісі-сынып ұжымы” жүйесін басқару ерекшелігі. Мектептегі әдістемелік бірлестіктер, олардың жұмысының бағыты, ұйымдастыру формалары мен тәсілдері. Педагогикалық кеңес пен әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жоспарлау. Педагогикалық озат тәжірибелерді қорыту және тарату, педагогикалық зерттеулердің жетістіктерін мектеп тәжірибесінде қолдану. Педагогикалық процестің диагностикасы. Педагогикалық ақпараттар – мектепішілік басқарудың нысаны. Педагогикалық ақпараттар: бастапқы, тактикалық, жедел (ағымдағы немесе аралық) және қорытынды (пән, сынып, мектеп бойынша). Мұғалімдердің білімдерін жетілдіру және аттестациялау. Педагогикалық процесс - педагогикалық ұжымның әрекетін бағалау өлшемдері. Мұғалімдердің өз білімдерін жетілдіру жолдары, ғылыми-іздену жұмыстары мен оқушылардың ғылыми жұмыстарына басшылық жасауы. Мектептің оқу-материалдық базасы. Қазіргі кезде әртүрлі мектеп жұмысын басқарудың әдістемелік ерекшеліктері. Педагогикалық менеджмент. Негізгі ұғымдар:әкімшілік басқару, мектеп жарғысы, мектеп жетекшілері, педагогикалық кеңес, мектепішілік бақылау, әдістемелі бірлестік, озат тәжірибе, білімді жетілдіру, аттестациялау, материалдық база, педагогикалық мененджмент, педагогикалық диагностика, педагогикалық ақпарат.