Студенттердің өздік жұмыстары. 1.Педагогикалық әдебиеттер бойынша «педагогикалық технологияға» берілген анықтамаларға кесте құру.
2.Білім беру технологияларын кесте арқылы мазмұндау.
3.Оқытудың дәстүрлі және бейдәстүр технологияларының салыстырмалы сызбасын жасау.
4.Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиясының құрылымдық-мазмұндық моделін құру.
Бақылауға арналған сұрақтар.
1.Қазіргі кезде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудегі қажеттілік қандай?
2.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда мотивация тудырудың маңызы қандай?
3.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің тәсілдері, формалалары, әдістері қандай?
4.Жаңашыл педагогтар кімдер? Олар несімен жаңашылдар деп аталады?
12-тақырып.Оқыту процесі сапасына педагогикалық бақылау. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу және бағалау жөнінде ұғым, олардың маңызы, оның педагогикалық-психологиялық негіздері. Білімді есепке алу және бағалау түрлері. Бағалаудың өлшемі. Бағалау үрдісінде мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеті.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу және бағалаудың білімдік және тәрбиелік қызметі. Ш.А.Амонашивилидің оқушылардың білімдерін бағалау туралы көзқарасы. Білімді тексеруге қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар. Қазіргі мектепте оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу және бағалаудағы озық тәжірибелер.
Негізгі ұғымдар:білім, білік, дағдыларды есепке алу және бағалау, педагогикалық-психологиялық негіздері, есепке алу, бағалау түрлері, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, бағалау өлшемі, білімдік және тәрбиелік қызметі.
Семинар сабағының жоспары. 1.Біртұтас педагогикалық процесте оқушылардың білім, білік, дағдысын есепке алу және бағалаудың мәні және оның педагогикалық-психологиялық негіздері. 2.Білімді есепке алу және бағалаудың түрлері. Бағалау өлшемі. 3.Білімді тексеру және бағалаудың міндеттері мен қызметі.
4.Бағалау процесінде мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеті, ондағы формализмді жою жолдары. Білімді тексеруге қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар.
5.Қазіргі мектепте оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу және бағалаудағы озық тәжірибелер.