1 5 2
З-ТАРАУ. Батырдың ер корғаны ретіндегі жауынгерлік қызметі
Осы негізгі себепті ескермеген, көшпелілер тарихын зерттеген
кейбір зерттеушілер «малшылық өмір жалқаулыққа тәрбиелей-
ді..., инерттілікті, жауынгерлік рух пен ептіліктің жоғалуына ық-
пал жасайды... Себебі көшпелілер өмір сүріп жатқан шексіз түзу
дала біркелкі, өзгеріссіз жэне олардың өмірі де сұрыксыз, әскери
құлшыныстан аиырылған», - деген паиымдауларға келген и'
Осылайша, батырлар институты XIX ғасырдың екінші жар-
тысынан бастап жойыла бастайды. Бұл туралы К. Есмағамбетов:
«Патша өкіметі қазақ қоғамындағы дэстүрлі билік институтта-
рын жоюды ең алдымен батырлардың көзін кұрту жолдарын із-
дестіруден бастады. Себебі, олар елдіктің, қазақ жерінің тәуел-
сіздігі мен бүтіндігінің жоқшысы еді. Батырлар дан құтылу, сол
арқылы қазақ халқын жуасытуға, рухсыздандыруға бағытталған
әрекет отарлық саясаттың кұрамдас бөлігі, басты бағыттарының
бірі болғандығы патшалық Ресейдің ресми құжаттарынан да кө-
рінеді. 1806 ж. 31 мамырда император I Александрдың Бөкей
ордасы үшін бекіткен «Хан кеңесі үшін ережелерде» «батырлар
пайда болмасын және күшеймесін» деген нақты нұсқау жазыл-
ған», - деп атап көрсетеді4
0
7
408
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап дәстүрлі қазақ қо-
ғамына тэн институттардың бірте-бірте өз рөлдерінен айрыла
бастауымен, ендігі түста олар атқарған қоғамдық-саяси қызмет-
тің үлгісі мен мазмұны жаңа күштердің қолына өте бастайды.
Басқаша айтқанда, XVII-XVIII ғасырлармен салыстырғанда
XIX ғасырдағы қазақ қоғамына эсер еткен ішкі-сыртқы фактор-
лар бірте-бірте Ресей патшалығының отарлық саясатының кү-
шеюімен жаңа мазмүнға ие болды. Ендігі тұста қазақ қоғамының
рухани-мәдени, қоғамдық-саяси дамуының жолындағы күресін
жаңа күштер - рухани тұлғалар бастады. Басқаша айтқанда, би-
лер, шешендер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен имамдар
өздерінің рухани-шығармашылық, қоғамдық қызметтері арқылы
қазақ қоғамының отаршылдыққа қарсы азаттық күресіне жаңаша
мазмүн берді.
Достарыңызбен бөлісу: