А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 5 6 4-ТАРАУ. Батыр - әлеуметтік-мәдени категория



Pdf көрінісі
бет146/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   219
1 5 6
4-ТАРАУ. Батыр - әлеуметтік-мәдени категория
кеткен отандастарын азат етуді, жау қолынан қаза тапқан ата-ба- 
ба кегін қайтаруды өмірлік мақсат тұтқан. Әскери кэсіптің басты 
мақсаты елді сыртқы жаудан қорғау және ішкі тәртіпті сақтау 41°.
Қазақ ұғымында батыр болып туу - тумысынан Құдайдың ар- 
тық адам етіп жаратуының нақты көрінісі. Себебі, батыр әркімнің 
қолынан келе бермейтін қасиетті іс. Бұл туралы Шал ақынның 
«Құдай артық жаратқан Сары, Баянды» деп олардың батырлық 
қабілеті Тәңірден нәсіп болғанын еске салады 4
1
0
411
Зерттеуші Қ. Ахметжанов батырлардың тұлғалық қасиеттерін 
былай айқындап өтеді: соғыс ісін кәсіпке айналдырған, өмірі со- 
ғыста өтетін, кэсібі әулетіне жалғасып отыратын, елдік, мемле- 
кеттік, билікті қолдарына ұстаған, эр түрлі меншік иелері болған, 
хандық билікпен тығыз байланысты, өздерінің жеке идеологиясы, 
моралдық этикасы, жауынгерлік намыс кодексі, өзіндік салт-дәс- 
түрі, діни нанымы, ырым жоралғылары бар көшпелілер қоғамы- 
ның, қазақ қоғамының ерекше ж іг і412.
Батырлардың элеуметтік - рухани бет-бейнесін ашатын басты 
қағида олардың өлімге деген көзқарасына байланысты. Батырлар- 
ға соғыста өлу қасиетті саналып, үйде, төсекте өту өкініш болды. 
Түркі-моңғол халықтарының ұғымында хас батырдың шайқаста 
шейіт болуды армандағаны туралы Р.Г. Липец: «Его костям место 
в поле, как и костям его сотоварища - боевого коня. Лишняя го­
реть праха, несколько лишних капель крови на земле - так и дол­
жен кончать жизнь мужчина! Позор - умереть в юрте от старости 
и болезней»413, - деп тұжырым жасайды.
Батырлардың мұндай қағидасы Доспамбет жыраудың: «Екі 
арыстан жау шапса, оқ қылқандай шаншылса, қан жусандай егіл- 
се, аққан судай төгілсе, бетегелі сары арқаның бойында соғысып 
өлген өкінбес!» деген жыр жолдарынан айқын аңғары лады 414
410


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет