А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


Рычков П.И. История Оренбургская (1730-1750). - С. 71



Pdf көрінісі
бет142/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   219
403
Рычков П.И. История Оренбургская (1730-1750). - С. 71.
404
 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. - С. 340.


3.2. Соғыс жүргізу әдіс-тәсілдері
151
Осы орайда кезінде әлемді бағындырған, өзінің батырлық 
дәстүрі мен жауынгерлік рухының күштілігімен тамсандыр- 
ған көшпелілер ұрпақтарының тарихи сабақтастығын жоғалтып 
алуының себептері неде деген заңды сұрақ туындайды. Тарихта 
отырықшы империялардың көшпелі халықтардың әскерін өзде- 
ріне жалдамалы армия ретінде қызметке тартқаны белгілі. Бірақ, 
мұндай тәжірибе өзінің ешқандай нәтижесін берген емес. Олар 
түптің-түбінде империяға қарсы шығады. А. Тойнби империя 
әскері қатарында қызмет атқару (тұрақты жалақы, материалдық 
жағдайының жақсаруы жэне т.б.) тиімді болса да, олардың импе- 
рияға қарсы шығуын варвардың экономикалық мүддесінің бөтен 
мэдениеттің құндылықтарымен бекітілмегендігімен, оның әле- 
мінің басқа екендігімен байланыстырады. Өркениет олардың көз 
алдында өз артықшылығын жойған. Ал керісінше, көшпелілер 
империя тұрғындары үшін идеалға айналады 405
Дала жауынгерінің батырлық рухы, идеалы тек қазақ қоға- 
мында ғана емес, моңғол, башқұрт, қалмақ жэне т.б. көшпеліле- 
рінің кейінгі ұрпақтарының бойынан өше бастады. А.И. Перщиц 
Орталық Азия, Төменгі Еділ бойы, Орта Азия көшпелілері Қы- 
тай, Ресей, Орта Азия хандықтары сияқты мемлекеттердің қүра- 
мында өтуімен басталған бейбіт өмірдің нәтижесінде өздерінің 
жауынгерлігі мен батырлық рухын жоғалта бастады. Сондықтан 
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап моңғолдар, Еділ қал- 
мақтары, қарақалпақтар, түрікмендер жэне т.б. «бейбітсүйгіш» 
халықтар ретінде аталады. Мұның себебі бейбіт өмір қоғамның 
әскериле-нуінің қажеттілігін жойғандықтан бірте-бірте көшпелі- 
лер психологиясы мен идеологиясы да өзгере бастады деп тұжы- 
рым жасайды 406 Автордың негізгі түжырымымен келісе отырып, 
дегенмен көшпелілердің жауынгерлік рухының жойылуы, дэс- 
түрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтының өз маңызынан 
айырылуы Ресей империясының ұзақ уақыт бойы жүргізген мақ- 
сатты отарлау саясатының нэтижесі екендігін атап өтуіміз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет