4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
1 5 7
Ғұмырын нағыз батырларша майдан даласында өткізгенімен
«Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» демекші, Ақтам-
берді жырау тоқсан жасқа келгенде «Бар арманым, айтайын, ба
тырларша жорықта, өлмедім оқтан, қайтейін!...» деп өкіне отып,
батырлық принципін жоғары қояды 415.
Қалнияз ақынның «Ер Қармыс» дастанындағы: «Жорықта ал
деп жанымды, әуелден тілек салғанмын» деген сөздері де батыр-
лардың жауынгерлік дэстүрге деген қағидаларының берік екен-
діктерін нақтылай түседі416
Батырлар өлімді кез келген уақытта қабыл алуға тэрбиеленді.
Олар үшін соғыста өлмеу - өкініш. Олар үшін жауынгерлік на-
мысы, әскери парызы жоғары тұрды. Елінің, өзінің намысы үшін,
ханы үшін, әскери парызын өтеу үстінде жан қию - даңқ, нағыз
батырлық өлшемі. Бұл олардың қанына тәрбие арқылы жэне үл-
кен батырлардың қасына еріп, нөкерлікте жүру арқылы с ің д і417
Елім деп туған ұлдың мұндай асыл мұратын халқы да қастерлей
білген. Халық даналығы «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер
қайдан болсын» деген қасиетті ұстанымды берік ұстанған. Ота-
ны үшін от кешіп, қасық қаны қалғанша күресіп, бақилық болған
батыр ұлдарын Жер-Ананың қойнауына берген тұста да қолдан
келгенше ханмен тең бағалаған. Бұған ұлтының ұлылары жер-
ленген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ел билеген хандармен, би-
лермен қатар батырлардың да жерленуі дәлел бола алады. XVII-
XVIII ғасырларда осы кесенеде жерленген батырлардың тізімінен
үзінді бере кетсек:
Қанжығалы Бөгенбай батыр. - 1775 ж.
Шақшақ Жэнібек батыр. - XVIII ғ.
Матай Бөрібай батыр. - шамамен 1756-60 жж туылған.
Қойкелді батыр 1795 ж.
Тобықты Мамай батыр XVII ғ. - 1810 жж.
Тобықты Көкенай батыр 1648-1728 жж.
Тобықты Жандос батыр Олжайүлы 1715-52 жж.
Достарыңызбен бөлісу: