А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. - С. 103



Pdf көрінісі
бет167/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   219
469
 Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. - С. 103.
470
Аносский сборник. Никифоров Н. Собрание сказок алтайцев с примечаниями Г. Пота­
нина // Зал. Западно-Сибирского отдела РГ О ,- Омск. 1915. - T. XXXVII. - С. 28.
471
Плетнева С. Печенеги, торки и половцы в южнорусских степях // Материалы и исследо­
вания по археологии. — 1958. — № 62. — С. 78.


4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
1 7 7
рымдарынан қаруымен жэне атымен бірге жерленген балалардың 
табылуын да осы ғұрыппен байланыстырады472
Зерттеушілер эпостың эрбір жанры ат образын жасауда өз 
көркемдік қүралдарын, дэстүрлі бейнелеу үлгілерін қалыптасты- 
ратындығын атап өтеді. Мэселен, синкреттік, мифтік-ертегілік 
шығармалардан енді ғана еншісін бөліп ала бастаған архаикалық 
эпоста аттар қиял-ғажайып қасиеттерге ие бейнелердің қатарында, 
әрқилы ерекше қабілеттері, магиялық күш-қуаты, құдіреті бар жан 
иесі турінде сипатталады. Ал, халықтық, этникалық ұғым-түсінік- 
терді бойына молынан жинақтаған қаһармандық эпостарда аттар 
өздерінің архаикалық эпостан қалған ерекше қабілеттерінің кейбі- 
рін сақтап қалуымен қатар, үлкен ақыл-естің, адалдық, сенімділік 
сияқты моральдық қасиеттердің иесі болтан аса қадірлі жануарлар, 
орасан зор эпикалық тұлғалар дәрежесіне көтеріледі 473.
Мэселен, эпоста батырдың ат таңдауы, тұлпарын табуы; оны 
құлынынан баптап бағып, жетілдіру, аттың сыны, сырт көрінісі, 
ер-тұрманы, әбзелі, жасы, түлпардың кеңістіктегі қозғалысы, ат- 
тың жүретін кеңістігінің көріністері, жүріп өткен жолының ұзақ- 
тығы, жүру уақыты, шабысы, шабыс кезіндегі сипаты, динамика- 
лық қозғалыс үстіндегі сырт көрінісі, соғыс майданындағы әре- 
кеттері, аттың батырмен жэне эпостың баска да кейіпкерлерімен 
тілдесуі, сөйлесулері, баска да белгілері кеңінен сипатталды.
Зерттеуші А. Көшекова: «эпостардың көне нұсқаларында ат 
батырдың бағынышты көмекшісі, көлігі, айтқанынан, еркінен 
шықпайтын жануар ғана емес, толыққанды жеке дара кейіпкер 
ретінде батырды өзіне бағындырып, алға бастап, бағыттап оты- 
рады, ал бас қаһарман өз атының айтқанын екі етпей орындайды. 
Бірақ уақыт өте келе батырлар жырында бейнеленетін аттардың 
кейбір қызметтері, мэселен, сиқырлы, көмекшілік, тіпті, қолдап- 
жебеушілік, жөн-жоба көрсетушілік қасиеттері сақталып кал­
ган», — дей келе бұлардың өзіндік төмендегідей ерекшеліктерін 
бөліп көрсетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет