1 72
4-ТАРАУ. Батыр - әлеуметтік-мәдени категория
Жиембет жырау туралы Қазанғап Байболүлының «Еңсегей бой-
лы Ер Есім» туралы дастанында көркем түрде баяндалады456 4
5
7
.
Тағы бір көңіл аударарлық жайт, қазақ ж асақтары ны ң ұрыс
алдындағы М ухаммед /с.ғ.с./
Расулға салауат айтып, дүға жа-
сап, А ллаға мінажат етуі еді. Бұдан кейін екі жақтың атақты
батырлары жекпе-жекке шығып, оның арты бес күнге созыл-
ған алапат майданға ұласады. Н әтиж есінде
қазақтар жағының
мерейі үстем болып, қалмақтар үрыс даласын тастап қашады.
Дастанны ң негізгі бөлімі Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы
алапат соғыс алдындағы қол жинау, әскерлерге рух беру, ұран
салу, үндеу тастау сияқты іс-қимыл
әрекеттерге көп орын бе-
рілген. Д егенмен, Есім ханның негізгі қолбасылары Ер Алатау
мен Ж иембет батыр, Ер Сиқымбай
екендігін ақын жиі еске са-
лып отырады.
Еңсегей бойлы ер Есім қазақ тарихындағы билігі тұрақты, ау-
зын айға білеген атақты хандардың қатарынан орын алады. Оның
есімі тіпті көршілес халықтарға да жетіп жатты. Ел аузындағы
әңгімелерге қарағанда Есім ханды ақ киізге салып хан көтеруші-
лердің бірі де осы - Жиембет батыр.
Толғауда жыраудың сөзде-
рінен оның қаншалықты қайратты, батыр болғандығы тілге тиек
етіледі:
Менің
ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пен аюдай,
Өрлігімді сүрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Әрине, өзінің бағасын білген, сыртқы жауға қаймықпай ша-
уып, ерлік көрсеткен түлғалар ғана осындай
сөздер айта алса ке-
рек-ті. Енді бірде: «Әуелден бірге сапарлас, жорықтас болдық,
сынақты жылдары
менің ер екенімді көргенсің, оған көзің жет-
кен, есесіне менің де сөзім жүріп, дегенімді қылғансың, қайра-
тымды білгенсің» деп ханның өзін мойындата батыл сөй лейді45
Мұхтар Мағауин де Шалкиіз
жыраудың шығармашылығын
Достарыңызбен бөлісу: