1 8 2
4-ТАРАУ. Батыр - әлеуметтік-мәдени категория
қаһармандық жолмен жалғастыруына, оларды өздеріне тэн қа-
ғидалар мен ар-намыс кодекстеріне тэрбиелеуде үлкен бастама
болды.
Көшпелілер эпостарында хандар мен бектерге қызмет еткен
нөкерлер туралы да жиі ұшырасады.
Олар ханның жақын серік-
тері немесе эскери қызметшісі болды. «Нөкер» сөзі көне мон
гол термині «жасақ» /друженник/, «әкери қызметші» мағынасын
береді. Нөкердің басты қасиеті басшысына деген адалдық жә-
не сенімділік болды. Зерттеуші Р.Г.
Липецтің пікірінше, нөкер-
лік - батырлықтың алғашқы әскери мектебі болды: «Нукеры как
постоянное военное содружество,
сожительствующее вместо со
своим вождем, были эмброармией и эмбриогвардией; в то же вре
мя нукерство «своеобразная военная школа»482
М.П. Вяткин «егер ежелгі германдықтарда эскери көсем өзінің
айналасына адал берілген жастарды жинаса, қазақтарда да батыр-
лар ерекшеленіп, оның айналасына да адал берілген жігіттер топ-
тасады», - деп атап өтеді483 Мэселен, тарихи деректерде атақты
батыр, тархан Жәнібек Қошқарұлының И. Неплюевпен келіссөз
жүргізуге 1742 жылы 14 маусымда Ор
бекінісіне келгенде касы-
на 513 жігіт ертіп келгені айтылады. Мүндагы бір назар аударар-
лық жагдай барлық жігіттер бір түсті ат мініп, біркелкі киінген.
П.И. Рычков мұндай сән-салтанаттың көне қүрлықтың
ешбір
мемлекетінде кездеспейтінін айтып, тамсана ж азған 484
Дала батырының негізгі өмірлік жолының қалыптасуы «Ер
Тарғын» жырындағы қарт батыр Қартқожақ өмірінің мысалы ар-
қылы анық көрсетілген. Мәселен Қартқожақ батыр:
1) бес жасында жебе жасап, садақ тартуды үйренген;
2)
он жасында қылыш асынып, күрестен жарысқа түседі;
3) он бес жасында атқа міну, қылыштасу мен найзаласу ше-
берлігін шыңдайды;
4) жиырма жасында түрлі ат жэне т.б.
жарыстарға қатысып
шеберлігін арттыра түседі;
Достарыңызбен бөлісу: