А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. - С. 24



Pdf көрінісі
бет173/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   219
482
 Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. - С. 24.
483
 Вяткин М.П. Батыр Сырым. - М .-Л.: АНСССР, 1947. - С. 38.
484
Топография Оренбургской губернии. Сочинение П.И. Рычкова 1762 года. - Оренбург:
Тип. Б. Бресмена, 1887. - С. 53.


5) жиырма бес жасында сауыт-сайман асынып, әскери жорық- 
қа қатысып, жекпе-жекте жауын жеңіп нағыз батырға айна- 
лады. Елінің, жерінің қорғаны болады;
6) отыз бес жасында үкілі найза қолына алып, жауға қарсы 
әскерді бастаған қолбасшыға айналады;
7) қырық жасында елінің сенімді тірегі, қорғанына айналады;
8) елу жасында ақылы мен парасатының арқасында ел ішінде- 
гі қилы даулар батырдың алдында шешімін табады 485
Қазақ халқының ұлттық-спорттық ойындарының өзіндік тари- 
хи даму жолдары, қалыптасу кезендері, тәрбиелік маңызы халық- 
тың саяси әлеуметтік дамуының негізі болды. «Жамбы ату», «ауда- 
рыспақ», «аламан бәйге», «қыз қуу», «көюіар», «күрес» сынды 
сайыс және т.б. үлттық ойындардың әскери тэрбиеге бейімдеу мен 
тәрбиелеуце маңызы зор болған. Бұл ойындар негізінен шыдамды- 
лықты, мергендік, мақсаткерлік, қысылған сэтте тез шешім қабыл- 
дай алу, ептілік қасиетін талап етті. Сондықтан бұл ойындарды кез 
келген бала ойнай алмайтын.
Осындай ойындардың бүгінгі баланың ертеңгі жауынгер ре- 
тінде қазақ эскерлерінің соғыста мықты да төзімді, найза лақ- 
тырған кезде мерген де кесек, батыр, тұлғалы болып келуі мен 
жекпе-жек келген жауларын женуге дайын болуының басты ке- 
пілі болған.
Аңшылық, саятшылық құру дэстүрі де - жауынгер-батырдың 
қасиеттерін шыңдайтын өзіндік мектеп болды.
Қазақ қоғамындағы үйым болып аң аулау дәстүрі халқымыз- 
дың тарихи-мэдени кешенінің ажырамас бөлігі. Қаумалай аң 
аулау көшпенділер өмірінде айқын экономикалық маңызға ие 
болды және сондықтан элеуметтік қатынастар жүйесіне тэн «қо- 
ғамдық институт» 486 іспеттес болды. Әр ер адам үйым болып аң 
аулауға міндетті.
Әскери өнердің өзіндік қалыптасқан мектебі бола отырып
көшпелілерде қаумалай аң аулау әскер ұйымдастыру жүйесімен 
өз сәйкестілігін де тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет