4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісі
185
Атысам десең - атысам,
Шабысам десең - шабысам.
Алысам десең - алысам.
Ақ найзаны салысам,489
- деп өзінің әскери өнерді жан-жақты игергенін көрсетеді.
Жас кезінен осындай эскери өнерге тәрбиеленген жігіттің ба
тыр атануы да үлкен сынақтан басталады. Батыр атану үшін бі-
ріншіден, ту ұстап жауға шабуы керек, екіншіден айқайлап шепті
бұзуы керек жэне ең бастысы жекпе-жекте
жаудың батырын же-
ңуі керек. Мысалы, Ақтамберді жыраудың толғауында
Жауға шаптым ту байлап
Шепті бұздым айқайлап,
- деп батырлыққа тэн талаптарды орындағанын айтады490
Сонымен бірге батырлық өмір салтын
насихаттау жэне дэріп-
теу - бұл дала педагогикасының маңызды бір бөлігі, паториоттық
тәрбиенің негізі болды. Мысалы,
Жалғызбын деп жабықпа.
Батыр жалғыз болмайды
Жақсылығы тисе халыққа.
«Батыр - халық ұлы» деп
Айтпаған бекер тарихта.
Жалғыздық жоқ батырға,
Салып қара ақылға.
Сенің осы жеңісің
Жыр болады халыққа491
- деп батыр ерлігін халқы еш уақытта ұмытпайтындығына ерек-
ше мән беріледі.
Қазақ батырларының шыңдалып өту мектебінің бірі - барым-
таға қатысу. Жалпы дәстүрлі қазақ қоғамындағы барымтаның ор-
489
Батырлар жыры. Қырымньщ қырық батыры. (Мурын жыраудан жазылған мұралар).
- 3 4 б.
490
Бес ғасыр жырлайды X V ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазак ақын-жы-
рауларының шығармалары.
Достарыңызбен бөлісу: