4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісі
1 7 9
— Батырлардың ар-намыс кодекстері мен бет-бейнесі қазақ қо-
ғамындағы дэстүрлі тэрбие мектебі болып табылды. Батыр-
лар отаншылдық пен азаматтылықтың
ең жоғарғы бейнесін
құрады.
- Дала ақсүйектерінің өкілдерін құрған билер мен батырлар-
дың, жыраулардың аузынан
шыққан асыл сөздері мен жыр
жолдары, дастандары тарихи жэне мәдени мұра ретінде ұр-
пақтан ұрпаққа жалғасып дэстүрлі
қазақ қоғамындағы құн-
дылықтар жүйесін толықтырды.
Студенттердің
өз
білім ін тексеруге арн ал ған сурақ тар:
1. Қазақ батырларының әлеуметтік топ ретіндегі мақсатын сипаттаңыз.
2. Батырлардың тұлғалық қасиеттерін талдаңыз.
3. Батырлардың әскери қару-жараққа көзқарасын сипаттаңыз.
4. Батырлардың басты намыс кодекстерін атаңыз.
5. Батырлардың жауынгерлік этикасы.
6. «Ер қанаты - ат» деген аталы сөздің қазақ батырларының өмірін-
дегі мэні.
4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа
тәрбиелеу мен баулу ісі
Дэстүрлі қазақ қоғамында батырлық ежелден өмір салты ре-
тінде қарастырылған. Біз бұл бөлімде дәстүрлі
қазақы ортада-
ғы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісін,
батырлықтың өмір
салты ретінде қалыптасуына ықпал жасаған дәстүрлі қоғамның
тәрбие мектебіне, оның эдіс-тәсілдеріне тоқгаламыз. Дәстүрлі ка-
зақ қоғамында батыр атағын иелену үшін
жас адам белгілі бір
әлеуметтік ортаның талаптарына сай болуы қажет еді. Батырлар
жырында осы бір далалық салттың мәдени идеалы жасалған. Бі-
ріншіден, болашақ батыр дүниеге
келмей тұрып, ерекшеленеді.
Кейбір жырларда оның дүниеге келуінің өзі күрделі бір сюжеттен
тұрады. Болашақ батырдың дүниеге келуін аруақтар мен пірлері
демеп, ата-аналарына алдын-ала аян береді. Кей кезде тіпті оның
атын қоюға дейін олар араласады.
Екіншіден, болашақ батыр