1.1. «Батыр» сөзінің этимологиясы
31
кі-моңғол деп атап көрсетіп отыруымыздың себебі, қазіргі таң-
да түркі-моңғолдардың ортақ этникалық негіздері туралы басым
айтылып жүр. Дегенмен элі күнге дейін бұл мэселеге қатысты
ортақ ұстаным болмағандықтан, «батыр» сөзінің түркілік негізі
туралы тұжырым жасаймыз.
Ал енді «батыр» сөзінің этнониміне, яғни мағынасына келетін
болсақ, онда зерттеушілердің басым бөлігі ортақ пікірде сияқты.
Белгілі қазақ тарихын зерттеушілердің бірі М.В. Вяткин «ба
тыр» сөзінің екі түрлі нұсқасын ұсынған болатын: бірінші нұс-
қасы бойынша «батыр» деп қара халық арасынан шыққан батыл,
жауынгер, ер жүрек адамды айтса, екінші нұсқасында «батыр»
деп ерекше жауынгерлік өнер иесі аталған125 - дей келе, бұл сөздің
түп-төркіні моңғолдың - «ba,tur», орыстың - «богатырь» сөздері-
нің мағынасымен төркіндес келеді деп өз ойын жалғастырады126
М. Вяткин «батыр» сөзінің XVI ғасырға дейін де адамның есіміне
қосылып айтылатын титул ретінде пайдаланылып келе жатқанын,
ал «бахадур», «багатур» ерекше батылдығы үшін кей жағдайда
«толы батыр» яғни толық батыр деп те қолданылады жэне XV ға-
сырға дейін бұл титул «бек» деп аталып моңғолдың нойан, араб-
парсылардың эмір лауазымдарымен мағыналас болып, XV ғасыр-
дан бастап оның би лауазымымен орайласқаны туралы тұжырым
жасаған. Төңкеріске дейінгі кезеңдегі белгілі ғалым Л. Костенко
өзінің зерттеуінде «батыр» сөзі түркі-моңғолдың «баһадур, ba,tur,
багадур, бак-хату» деген сөздерден шыққан, негізгі мағынасы ер
жүрек, қаһарман, батыл дегенді білдіретінін атап өтеді127
XX ғасырдың I жартысындағы қазақ тарихындағы есімі ерек
ше аталатын тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов
еңбектерінде «батыр» - термині түріктің «багадур», «бакхатур»
деген сөздерінен шыққанын алға тартады. Ол тіпті сонау ықы-
лым замандардан-ақ сыртқы жаудан қорғану үшін арнайы топтар-
дың топтасқанын айта келіп, оны әскери қолбасшы басқарғанына
тоқталады. Осындай топтардың ерекше көзге түскен қаһарманда-
Достарыңызбен бөлісу: