30
1-ТАРАУ. Қазак
коғамындағы батырлык дәстүрлердін тарихи бастауы ...
кұдайдан сұрап алған жалғыз ұлы күшті бұқамен айкасып, жеңіс-
ке жетіп, осыған орай оның азан шақырылып қойылған аты өзгер-
тіліп бұканы жеңген айбатының құрметіне Бұқаш деп аталғаны
бізге жыр жолдарынан белгілі120.
Зерттеушілердің екінші бір тобы «батыр» сөзінің түп-төркіні
көне арийлерден басталады деп есептейді. Мысалы, О.Ф.Миллер
«багадур» сөзі татар
сөзі емес, санскриттік «bagadhara», яғни ба-
қыт иесі, жолы болғыш дегенді білдіреді, ал орыстың богатырь
сөзі праарийлік бастауға тэн», - деген пікір ұстанады121
Ал енді зерттеушілердің үшінші бір тобы - «батыр»
сөзінің
бастауын монгол тілінен іздейді. Мысалы С.Е. Малов батыр сөзін
парсы немесе монгол тіліне жатқызады122 Сондай-ақ Б.Я. Вла
димирцев «батыр» лауазымының моңғол дэуірінде де болғанын
жэне оның кейбір кірме сөздермен ауысып «тайшы», «бүйрық»,
«ноян» (қытай тілінен), «тегін», «бұйрық» (түркі тілінен) деп
аталғанын айтады123.
«Батыр» сөзі көнеарийлік немесе монгол тілінен шықты деп
дәлелдеп жүрген зерттеушілердің
басым бөлігі көне руникалық
жазулар мен түркі дәуіріндегі жазба деректерде «батыр» сөзінің
болмауын алға тартады. Осыған байланысты ерте түркі дәуірін-
де «батыр» сөзінің орнына «ер» сөзінің
кең қолданылғанын атап
өткіміз келеді. Мысалы, Р.С. Липец Күлтегіннің Үлкен жэне Кі-
ші жазбасының өн бойында кездесетін эпосқа тэн баяндау тэсіл-
дерін
талдай келе, ескерткіштің лексикасы да эпосқа тэн екенді-
гін алға тартады. М үнда «алп» (алып, батыр мағынасында), «ар»
(ер, нағыз жігіт немесе батыр мағынасында), «кулг» (даңқты,
белгілі адам, қазіргі телеуттер тілінде күшті адам мағынасын-
да қолданылады) деген сөздер жиі кездеседі124 «Батыр» сөзінің
этимологиясын
талдай отырып, бұл сөз негізінен түркі-моңғол
халықтарының тілінде қалыптасқан ұғым екендігін көреміз. Түр-
Достарыңызбен бөлісу: