А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


Ерофеева И. Батыры как феномен истории казахского народа // Казахстанская правда



Pdf көрінісі
бет55/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   219
194
Ерофеева И. Батыры как феномен истории казахского народа // Казахстанская правда.
- 1992. - 25 сентября.
195
Құнанбаев А. Қарасөз. -
68
б.


58
1-ТАРАУ. Қазак қоғамындағы батырлык дәстүрлердін тарихи бастауы ...
демейді, себебі, оған қуат беретін - намыс. Ерлік деген тек бір 
сәттік көрініс емес, ерлік батырдың қалыпты жағдаиы», - деп тү- 
йіндейді ғалым. Ерлік идеологиялық ұғымға айналғанда, оның 
табиғи болмысындағы ізгілік өзге іске, зұлымдыққа айналып ке­
ту мүмкіндігі үнемі болып тұрады. Қалмақ батырлары да батыр
алайда, олардың ісі ізгілікті ме. Олай болса ерліктің өлшемі не 
болмақ? Ерліктің өлшемі - ізгілік - деп анықтама береді. Одан 
әрі зерттеуші қазақ батырларының мақсаты елін, жерін қорғау
- дей келе, Райымбек батырды әулие дегенде ол елдің қорғаны, 
қалың жұрттын көшбасшысы, адасқан шақта жол табатын кемең- 
гер әулиелігін айтады. «Әулие арлы адам, арлы адам намысшыл 
келеді, сондықтан Райымбек бабамыздың батырлығы, ел қорғаны 
болтаны да әулиеліктің көрінісі», - деп тұжырым жасайды196
Қазақ қоғамы үшін батырлықтың белгісі - ең алдымен сыртқы 
жауға қарсы күрестегі ерлік. Мәселен, халқымызбен бірге жаса- 
сып келе жатқан «қаһармандық эпоста белгілі бір жырдың бас- 
ты геройы ең мықты батыр болып көрсетіледі. Ол жеңілу дегенді 
білмейді, онымен тең келер, күш таластыра алар жан жоқ. «Алпа- 
мыс» жырында ешкім Алпамыстың бетіне шыдай алмайды, «Қо- 
быландыда» ноғайлының ең үлкен батыры осы Қобыландының 
өзі, ал, «Ер Сайын» жырында Сайынның ерлігі Қобыландыдан 
асыңқырап кеткендей болады. Батырлық жырлардағы негізгі мо­
тив - ерлік, сыртқы жауларға қарсы күрес. Әйтпесе жыр батыр­
лык деп аталмас та еді»197
Қазақ үғымында «батыр» атағы мирасқорлық жолымен бе- 
рілмейді, оған эрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. 
Ел үшін жанын қиған батырлардың есімі ел үранына айналып, 
халық олардың аруақтарын қастерлеген. Ата-бабаларынан бе- 
рі қарай «Батыр» атанып келе жатқан, ауыр жараланса да ұрыс 
даласын тастамағандар «кара Батыр», немесе «қара Верен Ба­
тыр», қауіп-қатерді елемей, үрысқа жалғыз кіріп ерлік көрсеткен 
адам «жеке Батыр» атанған. Талай рет қақпа бұзып жау қамалына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет