ның батырларының бірі ретінде аталады188 Арғын Қарақожа ба
тыр есімі жырда өзіне қастық ойлағанын білгеннен соң Едігенщ
Тоқтамыс ханнан қашып құтылуынан кейін, хан өзіне жақын «то-
ғыз
ерін алып келіп, есігінің алдына қойып, бір-бірлеп шақырып
сұраған» кезінде айтылады. Хан Қарақожаға былай дейді:
Көшкенде көшін айлаған,
Жанына өткір семсер байлаған,
Жау қарасын көргенде
Жауар күндей торланған,
Кетер құстай сайланған,
Алладан тілек
тілеп зарланған,
Арғындардың басы едің,
Қарақожа батырым,
Сен бір кіріп толғашы189
1398 жылғы 12 тамызда Ворскла өзенінің жағасындағы ніешу-
ші шайқаста Тоқтамыс пен Витовт әскерлері әмір Темірден көмек
алған Алтын Орда ханы Темір Құтлық пен оның эмірі Едігеден
талқаны шығып, жеңілді. Тоқтамыс Сібірге қашты. Осы кездегі
оқиғаларды
баяндай келе, Қадырғали Жалайыри: «Бұл Тоқтамыс
хан Еділ өзенінде болған, Тойхожа ұланның ұлы еді. Оның хи-
каялары эрқашан мэлім, эрі белгілі. Құтлықия ұлы Едіге Күшік
оның шорасы еді.
Бір уақытта, онан көңілі қалып, Едіге Күшікке
қаһар қылып өлтірмекші болды. Онан азат болып, бірнеше жыл
өткен соң Темір
бектің әскерін бастап келіп, Тоқтамыс ханды
қашырды. Темір бектің сұстынан Тоқтамыс хан солтүстікке ка
рай қашты. Аш-жалаңаш жүрді. Соңынан қарауыл салды. Етим
(Ятым) баһадурды, онан соң Тубал Баһадурды салды, онан соң
Арғын Қарақожаны салды. Өзгелері бірнеше нөкерлерімен (де-
малуға) жатты. Едіге Күшік ұлы Нұраддин қосымша әскер ертіп,
қарауылды ғапыл қалдырып, әуелі Етим Баһадурды өлтірді, онан
бэрін
ғапыл қалдырып өлтірді, хан нөкерлері ғапыл еді, оларды
да опат қылды.
Барлық жан-жануар өліп, өзінің иесіне орала-
ды »190 - деген мәліметтер келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: