1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы жэне институционалдық статусы
61
Барлық зерттеушілер көшпелі халықтардың жауынгерлігі, ба-
тырлығы, тіпті жалпы құндылықтар жүйесінде эскери ерлікті
ерекше жоғары бағалайтындығын атап өтеді. Көшпелілер өмі-
ріндегі соғыстың орны мен олардың жалпы өмірінің әскерилену
ерекшелігі олардың психологиясы мен идеологиясына өз эсерін
тигізген. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлық, ерлік қасиеттер-
дің халықпен бірге жасасып келе жатқан, ұлттық ерекше қасиет-
терінің қыры екендігіне шет елдік саяхатшылар мен зерттеуші-
лер де баса назар аударғанын көреміз. Мэселен, қазақ даласын
аралап, елдің тұрмысы мен салт-санасын зерттеген шетелдік сая
хатшылар дың бірі Н. Зеланд: «Қазақтардың бойында қажет жағ-
дайда батыр жауынгер болатындай барлық қасиеттер бар. Дала-
дағы өмір қауіп-қатерге үйретеді»206, - деген тұжырым жасаған.
Қазақ ұғымындағы батырлықтың барлық сыр-сипатын Ма-
хамбет Өтемісұлы:
Беркініп садақ асынбай,
Біртіндеп жауды қашырмай.
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат,
Балдағынан қанға боялмай,
Қасарысқан жауына
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай
Ерлердің ісі бітер ме?!207
- деп анық көрсетеді.
Батырлардың басты қасиеттері мен ерекшеліктерін санамалай
келе, Қ. Ахметжанов: «Батырдың жеке ерекшелігіне тоқталсақ,
олардың басты ерекшелігі олар тек қана эскери кэсіппен айна-
лысты. Жапонның самурайлары, француздардың рыцарлары, ин-
Достарыңызбен бөлісу: